Публикации о М.Х. Дулати

Публикации о М.Х. Дулати

ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРДЕРЕГІ ЖӘНЕ АТАТЕГІ

Асанбай Асқаров, Әділхан Байбатша

Мұхаммед Хайдар Дулати жан-жақты ғұлама тұлға: мемлекет қайраткері, әскербасы, тарихшы, ақын, философ, жаратылыстанушы, этнограф, дипломат, психолог жөне діни дегдар. Ол 1499 жылы Ташкентте дүниеге келіп, 1551 жылы Кашмир өлкесінің билеушісі болып тұрғанда, оқыс оқиғадан түскен жарақаттан мезгілсіз қайтыс болған. Аз ғұмырында ересен істер жасап, хандардың Ордабиі, мемлекет кеңесшісі және әскербасы қызметтерін атқарып, ерекше құрметке бөленген. Мемлекет билеушілері оған шексіз билік беріп, қарамағындылары қалтқысыз сеніл, оны төрт жүз жылдан бері билік етіп келе жатқан «Үлы сұлтандар үрпағы», «төре» деген лауазымдармен атаған. Ол Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің барлығында дерлік болып, осы өлкелер туралы жаратылыстану саласында айрықша қүнды мәліметтер жазып қалдырған. Замандастары оны Мырза Хайдар (Хайдар - арыстандай айбарлы, ержүрек деген мағынаны білдіреді) деп атаған.

Мырза Хайдар сәби кезіндегі әлжуаздығы мен бала кезіндегі аласапыран заманнан он жасқа дейін көп азап пен қиындық корген.

Отбасында терт қыздан кейін (оның екеуі сәби кезінде шетінеп кеткен) әкесі Мүхаммед Хұсайын мырза гураган (гураган ханның күйеу баласы деген сөз) мен шешесі Хұб Нигәр ханым (Жүніс ханның үшінші қызы) екеуі Аллаға жалбарынып жүріп көрген үлы Мырза Хайдар емізулі кезінде оте аурушаң болыпты. Ол үш жасқа келмей жатып шешесі Хүб Нигәр ханым Ташкентте дүние салды. Осыдан кейін ол үдайы екесінің қасында болып, өкесіне бауыр басып өседі.

Әкесінің екінші әйелі Сұлтан бегімнен Мұхаммед Шах және Абдалла атты екі інісі дүниеге келеді. Әпкелері Хабиба Сүлтан Ханыш бегім мен Гауһар Шад бегімнің орнықты тағдырын жазып қалдырған інілеріне келсек, үлкені Мұхаммед Шах мырзаның он бес жасында Қашғар-билеушісі болған қатыгез туыс атасы.

Мырза Әбу Бөкір темір істікке шаншып өлтіреді. Кенже інісі Абдалла мырза 1533 жылы шілде айында Тибет жорығындағы бір шайқаста ерлікпен жау қолынан қаза табады. Олардың жеке өмірі туралы дерек жоқ.

Өзі тоғыз жасқа толар-толмас 1508 жылы әкесінен де айырылып, панасыз жетім қалғанда, басына өлім қаупі теніп, өкшелеп қуған жауларынан өмірдің бұралаң соқпақтарына түсіп қашып құтылады, Бұхарадан жанашыр адамдардың көмегімен жасырын қашып шығып, 1509 жылы маусым айында Бадахшан билеушісі Мырза ханға (туған бөлесі), ал одан кейін 1509 жылы қараша айында Кабулдағы Бабыр Падишахқа өзінің туған бөле ағасына келеді. Оның қамқорлығында болып басына төнген қайғы-қасіреттің бәрін ұмытады. Бабыр Падишах оның зеректігін байқап, білім және өнерге баули бастайды, орда қызметіне де араластырады, әскери жорықтарға да қатыстырады. Осылайша 1512 жылға дейін Бабыр Падишахтың қамқорлығы мен қарамағында болады. Қүңдызға, Хисарға жөне Самарқанға жасаған өскери жорықтарға қатысып, алғашқы ерліктерімен көзге түседі. Самарқанд жорығынан кейін оны Андижанға келген Моғолстан билеушісі нағашы ағасы әрі туған жездесі Саид хан арнайы адамдар жіберіп Бабыр Падишахтан өзіне жіберуін отінеді.

Мырза Хайдардың үлкен әпкесі Хабиба Сұлтан Ханыш бегім Убайдалла ханға тұрмысқа шыққан болатын. Бірақ Убайдалла хан соғыс жорықтары кезінде Түркістанға қашып кеткенде, оның үй-іші Бабыр Падишах басып алған Бұхарада қалады. 1511 жылдың қысында мемлекеттік істермен Андижаннан Самарқанға келген Мырза Хайдардың үлысбегі көкесі (әкесінің інісі) Саид Мүхаммед мырза Хабиба Сүлтан Ханышті езімен бірге алып кетіп, оны Андижанда Саид ханға қосады.

Сонымен, Саид ханның сүрауымен Мырза Хайдар 1511 жылы қыркүйек айында Андижанға келеді.

Ханның талабымен Мырза Хайдар білімнің, өнердің, кәсіптің барлық түрін дерлік аса жетік меңгереді. Жиырма төрт жасқа дейінгі өмірі негізінен оқу, білім мен үйренуге кетеді. Таланты мен дарыны ерекше жаралған Мырза Хайдар өнердің, білім мен мемлекет ісінің барлық қыр-сырын толық меңгеріп, жиырма бес жасқа жеткен шағында мемлекеттік маңызы бар тапсырмаларды жеке орындау қүрметі мен сеніміне ие болады. Жасы отызға толғанда мемлекеттің өскерін басқарып, жауапты жорықтарды сәтті атқарып шығады. Осы кезден бастап хан кеңесінде сөз сөйлеп, ойын айтып, оның ұсыныстарын хан да, кеңес те қабылдайтын болады. Ханның кеңесшісі болып, оның оң қолына айналады. Осыдан кейін хан Мырза Хайдарға өскер мен мемлекеттің барлые істерін сеніп тапсырып, қолына шексіз билік береді. Мемлекетте ханнан кейінгі екінші адам санатына көтеріледі, шебер дипломат ретінде танылады.

Саид хан мұсылмандықтың негізгі парызы саналатын, дінсіздерді исламға кіргізіп Алланың сауабын алуға бағытталған қасиетті ғазауат соғыстарын 1528 жылы Тибеттегі дінсіздерге қарсы әскери жорықтарынан бастайды. Хан бүл жорықтарды бастап, жалғастыру қүрметін де Мырза Хайдарға тапсырады.

Тибетке ғазауат соғысына алғаш 1532 жылы тамызда Саид ханның өзі бас болып аттанады. Бірақ бүл соғысты аяқтап шығуға ханның денсаулығы көтермей, жорықты жалғастыруды Мырза Хайдарға міндеттейді. Бүл жорықта ол тек өскербасы, дінге шын берілген исламды таратушы ғана емес, талантты жаратылыстанушы ғалым ретіңде де танылады. Ол Тибет тауларын солтүстік шетіндегі Қашғар мен Памирден бастап, оңтүстігі Үндідегі Бенгалия мен шығысы Қытайға дейінгі аймақтарды бір жыл бойы аралап шығып, жиһантану (география) мен жаратылыстануда көптеген табиғи қүбылыстарды ашып, ғылыми түрғыдан сипаттап жазып қалдырған.

Мырза Хайдар Саид ханның бірден-бір арқа сүйер сенімді адамы болған. Оның дәлелі, Саид хан Тибетте биік тауларға төн ауа жетпей булығатын тұншықпа (демікпе)   ауруына   шалдығып,   шала   жансар   болып жатқанда ол достарын да, балаларын да еске алмай, Мырза Хайдарды ғана сұрай берген екен. Ал, осы ғазауат соғысын аяқтауды хан тек соған сеніп тапсырады және мұны арнайы: «Мырза Хайдар барлық өкілеттікке ие болып, өзімен бірге кімді аламын десе де ықтиярлы, ал оның бүйрығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ» деген жарлықпен бекітеді.

Саид хан қайтыс болып, мемлекет басқару ісін мұралаған Рашид сүлтан төңірегіндегі азғындардың сөзіне еріп, Мырза Хайдар мен оның жақындарына жаппай қиянат жасап, қырғынға ұшыратады. Осы себепті Мырза Хайдар Тибеттен өзінің ата мекені Жаркендке оралмай, 1533 жылы қыста Бадахшанға асып, одан ары Үңдіге - Бабыр Падишахтың екінші ұлы Қамран мырзаның ордасы орналасқан Лахорға келеді. Қамран мырза оны жақсы қабылдап, Орда биі және мемлекет кеңесшісі етеді. Ал өзі бір жылдан аса соғыс жорығымен Қандағар мен Иракқа кеткенде, мемлекет басқаруды толығымен Мырза Хайдарға қалдырып кетеді.

Бабыр Падишахтың мүрагері, оның үлкен үлы Хүмайын падишах та Мырза Хайдарды өзінің қасынан шығармай өскербасы және мемлекеттік кеңесші етеді. Хұмайын падишахтың қолдауымен ол 1540 жылы қарашада Кашмирді алып, 1541 жылдан омірінің соңына - 1551 жылға дейін осы өлкенің толық жөне төуелсіз билеушісі болады.

Мүхаммед Хайдар Дулати қазіргі Қырғызстан мен Өзбекстанды толығымен дерлік аралап өткен, Ыстық көл мен Шу атырабындағы мекендерде болып, Қазақстанның оңтүстігіне де келген. Алмалық, Мүнара (қазір бүрмаланып Бүрана аталады), Баласағүн, Қаралақ қалалары туралы мәліметтерді тарихи деректермен қатар өзі көрген деректермен дөлелдейді. Тараз қаласы туралы айта келіп, осы «Янги» (Жаңа) деп аталатын жерде бірнеше қаланың орны сақталған, бірақ ескі қалалардың қайсысының Янги деп, жөне басқаларының қалай аталғаны белгісіз» дегеніне қарағанда, үлы ғүламаның өзі оларды көріп, көне Таразда болғанын шамалаймыз.

Ұлы   ғүлама   өзі   билеген   Кашмир   өлкесінің   бас қаласы Сринагар (Сри Нагар - әулие қала) шахарындағы«Мазар-и салатинде» (патшалар зиратына) жерленген. Профессор Ә.Дербісөлиев Үндістанға ғылыми сапармен арнайы барып анықтағанда, Мүхаммед Хайдар Дулати «Мазар-и салатинде» көрнекті биік жерде, жапырағын жайған бөйтерек түбінде жатыр. Ұлы түлғаның басыиа қойылған қүлыптастағы жазулар да жақсы сақталыпты.

Ұлы бабамыздың «Тарих-и Рашиди» шығармасында жазған деректері оның ататек кестесін түзуге мүмкіндік береді.

Кестенің басыңдағы «мұсылман болмаған» ұлы аталары Бәйдібек, Дулат және Шыңғыс ханның Ордабиі болған Майқы би туралы қысқаша ғана мәліметтермен шектелсе, ал исламды қабылдаған өмір Болатшы атасынан бастап кейінгі аталарына тарихи шығармасында толығырақ деректерге орын берген. Енді осы деректерге кезек берейікТ

«...Шыңғыс хан Иран, Түран жөне барша елемді жаулап алу жорығын аяқтап, өзінің түрақты мекеніне келген соң, ол өзі иемденген жерлерді төрт үлына бөліп берген... Осы бөлісте дулаттардың жері Шағатай ханға өтті.

Шағатай хан дулаттардың билігіне Шаш, Шалыш, Ыстық көл, Сары Үйғырмен шектесіп, күнгейге орналасқан Маңлай Сүбені берді. Аталған төрт жақпен шектелген аймаққа Қашғар мен Хотан кіреді. Дулаттардың мекеніне айналған бүл аймақтың алғашқы билеушісі Әмір Байдыхан болған. Әмір Байдыханнан рудан руға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға жалғасып келе жатқан бүл бірлік мүрагерлік жолмен жоғарыда айтылған Мырза Әбу Бөкірге өтті»1.

Бүұл мәліметтегі Әмір Байдыхан, яғни Бейдібек қазақ халқына ежелден белгілі түлға, оның толық аты-жөні Бөйдібек Қарашаүлы. Бөйдібектің әкесі Қараша 530-604 жылдары өмір сүрген. Ол 576-604 жылдары, Ұлы Батыс Түрік хағанаты оның билеушісі Естемес хаған қайтыс болған соң екіге бөлінгенде, қазіргі Қазақстан да кіретін бөлігінде хан болғаны тарихтан белгілі. Қараша ханды Қытай жылнамашылары Дэньгу, ал Л.Гумилев түрікшелеп Қара Чурин деп біршама дүрыс жазған. Қазақ шежіресінде Қараша ханды Қараш би немесе Қа- раша би деп, оның барша қазақ халқына билік жүргізгенін айғақтайды. Шежіреде Бәйдібек бидің (ханның) алатын орны да ерекше. Бәйдібек би VI-VII ғасырларда (560-623 жылдардың мөлшері) өмір сүріп, даналығымен қатар батырлық қасиетінің негізінде халқын ынтымақ, бірлік, байлыққа жеткізген билік жүргізген. Оның Бөйдібек би деген аты қазірге дейін мүлтіксіз жеткен. Бәйдібек биден кейін билікті оның немерелері Түркеш (Сарыүйсін), Шапырашты, Ошақты, Ысты, Албан, Суан, Дулат мүралап, VII ғасырдан бері мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас қазақ тайпаларын қалыптастырған. Мүхаммед Хайдар Дулати жазған: «Әмір Бөйдібектен рудан руға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға жалғасып келе жатқан бүл билік...» деген дерек осыны айғақтайды.

Қазіргі күндері Бәйдібек би Ақсақ Темірдің замандасы, екеуі жақын достық қатынаста болған деген жаңсақ пікір айтылып қалып жүр. Бұл қате жөне қисынсыз мөлімет. Ақсақ Темірдің қасынан қалмай жүріп тарихын жазған ғүлама Шарафаддин Әли Йаздидің «Зафар-наме» шығармасында ондай дерек жоқ және болуы да екіталай. Ақсақ Темірдің заманында омір сүрген тұлғалар Мүхаммед Хайдар Дулатидің алтыншы атасы Болатшының інісі Әмір Қамараддин дулат (шамамен 1385 жылы қайтыс болған) және бесінші атасы өмір Хүдайдад дулат (1384-1445). Олар туралы басқа тарихи шығармаларда да кеңінен баяндалған.

Түргеш мемлекетінің негізін салып, алғашқы ханы болған Бөйдібектің немересі Түргештен кейін осы мемлекетті Дулат басқарған, ол алғаш Түргеш, ал кейін Қарахан мемлекеті деген атпен белгілі хандықтың қүрамындағы дулат тайпасының аталығы. Дулат VII-VIII ғасырларда өмір сүрген, ол дулат тайпасынан шыққандығына байланысты Дулати атанған үлы түлға Мырза Хайдардың шамамен 28-ші атасы.

Дерек келтірген келесі атасы Майқы би (шамамен 1105-1225) тарихи шығармада жазылғаны: «Әмір Хүдайдадтың Шыңғыс хан кезінде өмір сүрген.

Шыңғыс хан жеті артықшылық мансап тағайындаған атасын Ордаби атаған2 деген мәлімет. Бұл артықшылықтардың тізімі мынадай: біріншісі - барабан; екіншісі - жалау, оны түрікше «түмен туы» дейді және «нағара» - дауылпаз; үшіншісі - ол өзінің екі мулазиміне (көмекші нөкеріне) «шарбар туларынан» түратын «қосын туын» тапсырады; төртіншісі - хан кеңесінде ол қару-жарағымен отыра алады, ал моғолдарда мынадай төртіп бар: кеңесте ханнан басқалардың барлығына сауыт-сайманмен отыруға тыйым салынған. Бесінші аңшылық жасағанда, қүстарға болсын немесе қоянға болсын, кім болса да оның нөкері саналады. Бүл түрікше мынадай болады: «Аспандағы тырнаны көздесін немесе жердегі қоянды қаумаласын, адамдар оның қатарынан шығып кетпеуі керек». Алтыншысы - ол барша моғол үлысының өмірі болып табылады жөне жарлықтарда оның аты былай жазылады: «Моғол үлысының сардары (басшысы)». Жетіншісі ол дуанның басында отыруға тиіс, ал басқа әмірлер оның екі жағын ала садақ тастамдай аралықта алыстау отырады. Шыңғыс ханның Ордабиіне берген жеті артықшылығы, міне, осылар.

Бүл мөліметтегі «Орда би» деген кісінің аты емес, оның лауазымы, Шыңғыс хан ордасыңдағы барлық билерден жоғары көтеріп Орда биі, яғни қазіргіше айтқанда, Премьер-министр лауазымын берген түлғаның аты - Майқы би дулат, ал Мұхаммед Хайдар Дулати осы Майқы бидің үрпағы екенін алғаш академик Әлкей Марғүлан түжырымдаған.

Майқы би өзіне Шыңғыс ханның жеті артықшылық мансап беруіне байланысты мемлекет билігінде айрықша орын алған. Ол Шыңғыс ханның өзі меншіктеп берген үлыстарды басқарған үлдары Жошы мен Шағатай хандар ордаларында да билік жүргізген. Ал одан кейін осы үлыстарда билік жүргізуді үрпақтары мүралаған. Оның Жошы хан үлысының ордасында билік еткен үрпақтарының бізге белгілісі Асан Қайғы. Деректерде Асан Қайғы Сәбитүлы (шамамен 1361-1475) Майқы бидің алтыншы үрпағы екені айтылады. Ал, Шағатай хан ұлысында билік жүргізген Әмір Тулақ (Төлек) пен Әмір Болатшы да Майқы бидің алтыншы үрпақтары.

Сонымен, Майқы би Мұхаммед Хайдар Дулатидің он екінші атасы болады. Шыңғыс хан орнатқан империяның қүрамына кірген қазақ халқының байтақ өлкесін билеу Майқы биден басталғандықтан (өрине, ол бүл өлкеде Шыңғыс ханға дейін де билік жүргізген), кейінгі мемлекет билеушілері оның үрпағы Мырза Хайдарды кезіңде «төрт жүз жылдан бері билік етіп келе жатқан Үлы сүлтандар үрпағы» деп айрықша қүрметтеген.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің алтыншы атасы Әмір Болатшы (шамамен 1300-1355). Ол кезінде Моғолстанды билейтін білікті хан қалмаған соң арнайы Тастемір деген адамды қалмақтар жеріне жіберіп, шешесінің ішінде кеткен Шағатай ханның үрпағы Тоғлық Темірді 1345 жылы тауып әкеліп, оны 1347 жылы Ақсуда (Шығыс Түркістан) ханның тағына отырғызады. Мемлекетті нығайтуға қосқан ерекше үлесін ескеріп, Тоғлық Темір жоғарыда айтылған жеті артықшылыққа және екі айрықша артықшылық қосып береді, сонымен оның барлығы тоғыз болады. Біріншісі (сегізіншісі) ол ханға баяндамай-ақ өз бетінше қосының өмірі, яғни' мың нөкердің өмірі қызметіне тағайындау немесе оны орнынан алу хақына ие болады. Екіншісі (тоғызыншысы) Әмір Болатшының үрпақтарының тоғыз рет кінәлі болғанша жауапқа тартылмайтындығы. Егер оның үрпақтарының біреуі тоғыз рет кінәлі болса, оны жауап алатын жерге ақ қүнан атқа отырғызып өкеледі. Аттың аяғының астына қүрмет белгісі ретінде тоғыз ақ киіз төсейді, оның сөздерін ханға барлас тайпасының өмірі, ал ханның сөздерін оған арғын тайпасының өмірі жеткізеді. Осындай жауап алудан кейін оның тоғыз кінәсі анықталып, кінөлі деп танылса, ол жазаланады оның күре тамырын қияды, ал аталған екі өмір екі жағынан үстап түрады. Оның бойындағы қанның бөрі ағып кетіп өлгеннен кейін, сол екі әмір жоқтау айтып жылап, денесін алып кетеді.

Тоғлық Темір хан тоғыз артықшылықты қуаттайтын жарлыққа қолын қойып бекіткен. «Менің өкеме, <Алла оған нұрын төксін>, аталарынан жеткен Тоғлық Темір ханның сол жарлығын өз кезіммен көрдім. Жарлық Шахибек ханның елді дүрліктірген бүлік жасаған кезінде жоғалып кетті. Ол моғолша және моғол таңбасымен доңыз жылы көктемде Қүндызда жазылыпты»3. Осының негізінде ол Тоғлық Темір ханның билігі Қүндызға дейінгі аймаққа созылған деп есептейді.

Әмір Болатшы бес ағайынды болған. Олардың үлкені Әмір Тулақ (Төлек), екіншісі Әмір Болатшының өзі, үшіншісі Әмір Шамсаддин, төртіншісі Әмір Қамараддин, бесіншісі Әмір Шайх Дәулет. Үлысбегілікке Әмір Болатшы мүрагерлік жолмен ағасы Әмір Тулақтан кейін бекітіледі.

Осы бес ағайындының ішінде Әмір Қамараддинге қатысты деректерге тоқтала кеткен жөн. Ол өте қайсар және ірі денелі болыпты, оның етігіне жеті жасар бала сиып кетеді екен. Әмір Қамараддин Тоғлық Темір хан қайтыс болғаннан кейінгі мемлекетте орнаған саяси дағдарысты пайдаланып, шамамен 1364 жылдан бастап Моғолстанның бас билігін қолына алып, жиырма жылдан аса хансыз жеке билік жүргізген айрықша түлға. Әрине, оның бүл өрекеті сол кездегі мемлекет билеу ережесіне сәйкес келмегендіктен, қарамағындағы өмірлердің арасынан қарсы шыққандар да болған. Мұндай жағдай Әмір Темірдің (Ақсақ Темір) де басында болғаны белгілі, бірақ ол бүл жағдайдан «жасаңды хан» сайлап алып оңай шыққан. Әмір Қамараддин омірден батысындағы Мауераннахр мемлекетінің билеушісі Әмір Темірмен алысумен откен. Бірде ол Әмір Темірді Андижан, Ферғана, Ташкенттен асыра Самарқанға дейін тықсырса, ал енді бірде оны Әмір Темір Алматыға дейін өкшелеп қуып келген. Олардың арасында бес рет алапат шайқас өткен. Әмір Қамараддин шамамен 1385 жылы Алатаудың орманды шатқалдарының бірінде ез ажалынан қайтыс болған.

Бесінші атасы Әмір Хұдайдад (шамамен 1348-1445). Әкесі Әмір Болатшы қайтыс болғаннан кейін оны Тоғлық Темір хан езінің жарлығымен үлысбегі етіп тағайындайды. Ол тоқсан жыл билік жүргізген, үзақ емірінде   алты   ханды   таққа   отырғызған,  олардың біріншісі Хызыр Қожа хан, одан кейінгілері: Шам-и Жахан хан, Нақыш-и Жахан хан, Мүхаммед хан, ал ең соңғысы Уайс хан болған.

Әмір Хүдайдадтың айрықша атсалысуымен Әмір Қамараддиннің қатерлі қудалауынан аман қалған Хызыр Қожа хан таққа отырып, өзінің қадірлі өкесінің (Тоғлық
Темір ханның) салтын қалпына келтірген соң, ол Әмір Хүдайдадтың ісінің өрлеуіне көп жағдай жасайды. Оның әулетіндегі бүрынғы тоғыз артықшылыққа жөне үш
артықшылықбелгісін қосады, сонымен артықшылықтарының барлығы он екі болады. Біріншісінің (оныншысы) мәнісі мынадай: мереке күндері болғанда екі күн бойы ханның жасауылы мен Әмір Х
ұдайдадтың жасауылы аттарымен, біріншісі ханның оң жағында, оның шарап қүдай ыдысын, ал екіншісі сол жағында Әмір Хұдайдадтың ыдысын үстап түрады. Бүл екі тостаған өдейі хан мен Хұдайдадқа арналады. Екінші артықшылық (он біріншісі) жарлыққа мөр басуға берілген қүқық: жарлық жазылып біткен соң оның соңына Әмір Хұдайдад мөр басады, ал осы қатардың бас жағына хан мерін басады. [Үшінші артықшылық тарихи шығармада аталмайды]. Осы он екі артықшылықты Хызыр Қожа хан Хұдайдадтың атына жазып, жарлық шығарған.

Он екі артықшылық Әмір Хұдайдадтан кейін оның үлкен ұлы Мұхаммед Шах гураганға өтеді. Әмір Мұхаммед Шахтан кейін олар оның інісінің баласы Әмір Саид Әли гураганға өтеді. Әмір Саид Әлиден кейін бүл артықшылықтар оның үлы Мұхаммед Хайдар мырза гураганға етеді, ал Мұхаммед Хайдар мырзадан оның ұлы Мұхаммед Хұсайын мырзаға өтеді. Бүл Мұхаммед Хұсайын гураган халық арасында көбінесе Мырза Хайдар деп аталып кеткен Алланың осы қүлының әкесі.

Әмір Хұдайдад туралы ғүлама Арабшах та (1392-1450) айрықша атап, оның Моғолстанның батысындағы Сайрам мен Ташкент аймағында билік жүргізгенін жазған. Әмір Хүдайдад 97 жасында Меккеге барып, Мөдинада өулие аталып қайтыс болады. Оны Мәдинаның барлық зиялылары үлкен қүрмет пен сый көрсетіп, Осман Халиф зиратына жерлейді. Хүдайдадтан екі ұл болған, үлкені Әмір Мұхаммед Шах гураган, екіншісі - Әмір Саид Ахмет мырза.

Төртінші атасы Әмір Саид Ахмет мырза. Әкесі Хұдайдад оны Қашғардың әмірі етіп тағайындайды. Бірақ денсаулығы нашар Әмір Саид Ахмет мырза билік жүргізуге шамасы келмеген соң өкесінің қолына келіп қайтыс болады.

Үшінші атасы, яғни бабасы Әмір Саид Әли гураган (1378-1458). Ол өкесі Әмір Саид Ахмет мырзадан жастай қалып, атасы Әмір Хұдайдадтың қолында оседі. Оның бойы да, күші де, алғырлығы да, батырлығы да басқа балаларынан артық болғаңцықтан атасының ерекше мейіріміне боленеді. Ол Уайс ханның ұлысбегі болған.

Бір жолы Уайс хан Моғолстанның шетіндегі Беш Қап маңында Исан Тайшыға қарсы соғысады. Бірақ хан бүл жерде жеңіліп қалады. Ханның атына садақ оғы тиіп қүлайды, ал өзі қолға түсудің аз-ақ алдында болады. Осы кезде Әмір Саид Әли астындағы атын ханға беріп, өзі етпетінен жерге жата қалады. Дінсіздер оны өлді деп ойлап, Әмірдің тоңірегіне жинала бастайды. Олар жақын келген кезде Әмір атып түрып, олардың біреуін үстап алады. Айтқандай, ол қалмақ тайпасының бір белгілі адамы болып шығады. Әмір оны киімінен үстап балаша котеріп алып, садақ оқтарына қарсы қалқан сияқты ұстап, ханның алдында жаяу жүріп отырады. Міне, осы себепті олар Әмірге қарсы оқ ата алмайды. Осы үстіне шапан киген еркекті көтере үстап соғысып, осылайша ол бір шақырымнан астам жер жүріп Ілеге жетеді. Қалмақты ол суға тастап, өзі хан атының тізгінінен ұстап суға түседі, су оның кеудесіне дейін ғана жетеді. Басқа адамдар суға батады. Ханның аты жүзіп кетеді. Әмір хан атының басын котере үстап, ханның үстіне шапан жауып астындағы атымен озеннен откізеді. Бұл күні коп адам өзенге батып кетеді.

Ханның екі немере інісі болған екен деп айтылады: біреуінің аты Сүлтан Хүсайын, ал екіншісі Лұқман сұлтан. Бірінің үстіне киген шапаны қызыл, ал екіншісінің кигені көк болады. Олар суға түскенде екеуі де бата бастайды. Әмір Саид бір қолымен хан атының тізгінін үстап, ал екінші қолын оларға қарай екі рет созып, батып бара жатқандардың біреуін болса да қүтқарып қалайын деп өрекет жасайды, бірақ оларға жете алмайды. Ханның айтуы бойынша, суда қызыл жөне көк шапан көп уақыт қалқып көрініп тұрыпты.

Осы оқиғалардан кейін Уайс хан Әмір Саид Әлиге өр қызметі ұшін бес сыйлық беріпті. Біреуін ханға астындағы атын түсіп беріп, ал озі жаяу қалғаны үшін. Екіншісін қалмақты ұстап алғаны үшін. Үшіншісі оны бір фарсах бойы қалқан етіп ұстап жүргені үшін. Төртіншісі аттағы жөне шапан киген хаңцы Іле өзенінен ©ткізгені үшін. Бесіншісін өзі ханды үстап келе жатқанынан қарамай, қолын екі рет суға кетіп бара жатқандарды қүтқаруға созғаны үшін. Хан кейін: «Мен Әмірдің батыл қимылын кердім, егер менің екі інімнің біреуі өмірдің қолына іліккенде, ол оны өзеннен алып шығатынына сенімдімін» деп айтыпты дейді. Осы бес ерлігі үшін хан оған бес аймақ береді5.

Уайс хан оған өзінің қарындасы Орын Сүлтан ханымды ұзатып, ханға күйеу бала гураган етеді. Әмір Саид Әлиден екі ұл қалған, үлкені Сансыз мырза, ал екіншісі Мұхаммед Хайдар мырза.

Ғұлама тұлға Мырза Хайдардың атасы Мүхаммед Хайдар мырза гураган. Оның шешесі Орын Сұлтан ханым, ол Уайс ханның қарыңдасы. Мұхаммед Хайдар мырза Жүніс ханға да, Есенбұға ханға да жиен болған, өйтсе де Әмір Саид Әли оны Есенбұға ханның қызы Дәулет Нигәр ханымға үйлендіреді. Ол осы хандардың кезінде үлысбегі болған.

Мұхаммед Хайдар мырза өте сауатты болған жөне хирургия бойынша да жақсы білім алып, дәрі-дөрмек жағын да білген. Осы себепті ол жасы жетіп қатты науқастанғаннан Жүніс ханды Ташкенттегі ордасында екі жылдай өзі емдеп, хан өмірінің соңгы сәтіне дейін күтім жасайды. Мұхаммед Хайдар мырзадан Мұхаммед Хұсайын мырза жөне Саид Мұхаммед мырза атты екі ұл қалады.

Әкесі - Мұхаммед Хүсайын мырза гураган (1469-1508). Ол Жүніс ханның ұлкен қызы Сүлтан Махмуд ханның Орда биі болған. Дерек: «Менің әкем Мұхаммед Хұсайын гураган,   <Алла   одан   нұрын   тайдырмасын>, Қашғардан кеткеннен, бүл туралы айтылған, осы уақытқа дейін Сүлтан Махмұд ханның қарамағында болады, айтылып өткендей, оның Омар Шайх мырзаның қасында болған екі жылын қоспағанда. Хан мен менің өкем Мүхаммед Хүсайын мырзаның арасыңда ажырамас достық болғаны сондай, олар бір үйде және бір бөлмеде тұрған хан үйінің оң жақ қанаты менің өкемнің меншігінде болған. Үй ішінде менің өкем ханның нағыз сыңары болады. Ханға не әкелсе, менің өкеме де соны әкеледі екен. Егер, хан атқа мініп шығатын болса, онда екі ат әкеледі екен: біреуін ханға, ал екіншісін меиің өкеме. Егер, ханға жаңа жейде тіксе, менің өкеме де сондай жейде тігіп өкеліпті. Хан Қаракөз бегімге (Рабия Сүлтан бегім Ақсақ Темір үрпағының қызы) үйленгенге дейін екеуінің арасыңда ешқандай істе айырма болмай бірге жүрген. Хан үзақты күні сол бүрынғы белмеде әкеммен бірге болып, түн болғанда ол әйеліне кетіп, ал менің әкем сол бөлмеде қалатын. Хан тағына отырған кезле, тақтың алдына төселген кілемге әкем келіп таққа сүйене отырып, екеуі осылай істің жайын ақылдасатын болған. Хан өзінің үйленуіне байланысты гареміне кетіп, ал өкемді қүжырасында жалғыздан жалғыз қалдыратындығына өкемнен кешірім сүрап, достық қатынастарының үзіліп қалатындығына өкініш айтып отыратын көрінеді. Бір жылдан кейін оны Хұб Нигәр ханымға үйлендіріп (1493 жыл), гураган -ханның күйеу баласы деген дөрежеге көтереді. Хұб Нигәр ханым Сүлтан Махмүд ханнан бір жас үлкен еді, ол Сұлтан Жүніс ханның Есен Дәулет бегім атты әйелі туған үшінші қызы болатын».

Мүхаммед Хұсайын мырзаны Мауераннахрды әзіне қаратып билік жүргізген, қазіргі Өзбекстан мемлекетінің негізін қалаушы Шахибек ханның (Әбілхайыр ханның немересі Мүхаммед Шайбани хан) адамдары 1508 жылы Хорасанда елтіреді.

Моғолстанның ұлысбегілігі Мұхаммед Хұсайын мырза өлгеннен соң оның інісі Саид Мүхаммед мырзаға (Мырза Хайдардың көкесі) әтеді. Ол Саид ханның ордасыңда қызмет еткен, 1533 жылы Рашид ханның қолынан мерт болған.

Түпнұсқа: Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары 3-4 маусым 1999 жыл.

М.Х. ДУЛАТИДІҢ «ТАРИХ-И РАШИДИ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ОРТА АЗИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАР

Сулеймен М.А. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз

Өз замандастарының арасында өткір сөзімен, өрісті ойымен, кең көрегендігімен, батырлығымен оқ бойы болған Мұхамед Хайдар Дулатидің соншалықты биік дәрежеге жетуіне өскен, жүрген ортасы ықпал еткен еді. Өйткені, Бабур сынды салауатты сарбаз қолбасшылардың қатарында жүріп, оның сөзінен, әрекеттерінен үлгі өнеге алуы «Тарих и Рашиди» авторының көзқарасын, азаматтығын бала жастан калыптастырған еді.

Айталық, әкесі Мұхаммед Хуссейн Күркен айтулы әскери қолбасшы ғана емес, өз заманының ірі тарихшы, филосов, жазушылармен араласып тұрған өркенді өркениетке қол созған білімді кісілердің бірі саналатынХV ғасырдың алып акындары Әбдірахман Жәмидің, Әлішер Науанның мәжілістерінде болып жырларын, сөздерін тыңдауды ақындар қауымымен араласуы әскери әкенің таланты баласына салып берген берекелі соқпақтарының бірегейі еді.

М.Х. Дулати үшін Бабурдың өз жолы, өнегесі, жазбалары сол заманның заңғар бір университетіндей еді. Үш регионды: Орта Азияны, Ауғанстанды және Индияны билеп төстеген, Индияда ұлы Моғолдар династиясын орнатқан Бабур сонымен бірге ғалым, әдебиетші, акын еді, орта азиялық түркі тілінде жазған «Бабурнамасы» лирикалық өлеңдерінің Диваны жас тарихшыға жақсы мектеп еді. Түркі тілдес болған Бабур жазбаларының байлығы, сан қыры әлі зерттелген жок. Билингвизмді бастаушыларының бірі Бабур екенін бәрі біле бермейді. Ортаазиялық түрік және парсы тілдерінде катар поэзиялық туындылар жазған Бабур беделі сол М.Х.Дулати тұсында қалай болса осы XX ғасыр дәуірінде де төмендеген жоқ. Бабурдың қасында бірнеше жыл жүріп, барлық окиғаларды бастан кешіріп жүріп, ғаламат сырлы ғазалдарын тыңдай жүріп М.Х. Дулатидің «Тарих и Рашиди» шежіресін жазбауы мүмкін емес еді. Ол сол уақыттағы ғылыми тарауларының бәрінен хабары мол еді: дін, философия, әдебиет, тарих, өлең өнерінен үздік еді, өйткені, көріп, біліп, таныған ортасы оны озат ойлармен суырып шыңдайды.

М.Х.Дулатидің алдында ғана өткен XV ғасыр поэзиясының екі жарык жұлдыздары, бірі ұстазы, бірі шәкірті болып есептелетін Әбдірахман Жәми мен Әлішер Науан салған поэзия мектебінің дәрістерімен Бабур сусындаған еді. Екі тілде жазушылар легін осылар бастаған ды, яғни, ортаазиялык түркі және парсы тілдерінде бірдей поэтикалық туындылар беріп, кейінгі толыққанға өрісті өркен жайып кеткенді. Сол өркеннің бір ұшын Бабур ұстаса, екінші жағын Мұхаммед Хайдар Дулати жалғастырып әкеткен еді.

XV ғасырда Самарқандта, Бұхарада, Ғиратта әдеби ағымның, өмірдің дами бастаған тұсы болатын. Осы кезде Әбдірахман Жәми бастаған парсы тілді жазушылар бұрынғы үрдісті алға апарғанды, XV ғасырда Жәми классикалық парсы поэзиясын жинақтап нүктесін қойды. Парсы поэзиясының бес алтын ғасырының соңғысы Жәми шығармашылығымен аяқталды Жәми мен Науан достығы әдебиетке жаңа үлкен арна салды.

Жүзден асқан еңбек жазған Жәми мен Науан поэзиясының кемеліне келіп толысуына, толыкқанды болуына айтулы әсер етті. Науан(1441-1501) дүниеден өтіп бара жатқанда М.Х. Дулати дүниеге жаңадан шыр етіп келіп жатқан сәби еді, ал Бабур дәдесі болса 17 жасқа толып атқа тақымы бекіп, айқастарға араласып кете барған шағы еді, бір колында алдаспаны, екінші колында жырлары канат қағатын. Жас Дулати сондай ұлы гуманистердің ортасында ғұмыр кешіп өтті.

М.Х.Дулатидің «алдыңғы толқын ағалары жайында «Бабырнама»кітабында айтылып баға беріп отырылған». Әлішер теңдесі жок адам еді. Түркі тілінде өлең жазыла бастаған уақыттан бері одан көп әрі жақсы жазған ешкімде болған емес. Ол месневимен алты кітап жазды «бестігін» (Шейх Мизамиге) және біреуін кұстар тілінде жауап ретінде «құстар тілі» деп жазды. Ғазалдардың 4 диванын құрастырды: Үшеуі түркі тілінде және біреуі парсы тілінде. Олар: «Балалық шақтың ғажаптары», «Бозбала кездің кереметтері», «орта жастың кереметтері»және «Қарттықтың көрнекті кеңестері». Ол «Хашсу», «Тазқұратул әулие» және т.б. шығармалар жазды. Оның тәуір рубайлары да бар, тағы басқа да шығармалары бар, бірақ олары жоғарыда аталғандардан төмендеу. Солардың қатарына олардың хаттары да кіреді. Маулана Әбдірахмап Жәмидің үлгісі бойынша ол кейбіреулерге қайсыбір жайттар бойынша жазған хаттарын жинақ етіп құрастырды» деп жазады. Бабур Бабырнаманың бірқатар беттерінде Жәми мен Науан қатар қаламға ілініп, қадірленіп, қасиетті өнер адамдары екені аталып жатады.

Осы Жәми, Науан, Ұлықбектей ұлылар өткен даңғылмен жүрген Мұхаммед Хайдар Дулати қайдан осал болып шықсын, Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер дегендейін, әкесі Мұхамед Хуссейін білімпаз кісі бола тұра баласының тәрбиеші ұстазы Хазред Мұхаммедті талай рет торқалы жыр жиындарына апарып, Әбдірахман Жәмиді, Әлішер Науан сөздерін тыңдатыпты. Орта Азия,Ауғанстан, Үндістан тарихын, мәдениетін, философиясын, әдебиетін, дипломатиясын жан-жақты меңгерген Мұхамед Хайдар «Тарихи Рашиди» еңбегін жазарда білген, жиған ілімін игілігіне жарата білген.

Ол еңбегінде Әбдірахман Жәмидің парсы тіліндегі поэзиясы мен түрік тілінде өте көп жазған Әлішер (лақап аты Науан) өлеңдерін салыстыра талдауына қалай таңданбауға болады. Онда сол тұстағы әлемдік поэзияға қатысты түсінік, үрдіс, теңеу мен бояу тұрғысынан келіп, Молла Жәми жайлы бірнеше тілде жазылған еңбектерге талдау жасайды.

Шығыс шайыры Алишердің парсы тілінде де «Фани» деген лақап атпен көп өлең жариялағандығын, оның қай тілде болмасын нәшіне келтіре, шырайын кіргізе жазатындығын дәлелдейді. «Сол кезде Хорасан каласында өмір сүрген ғылым мен өнер адамдарының жарқырай көрінуіне Алишер Науанның қоскан үлесі зор болды» дейді.

М.Х.Дулатидің өзінен ілгері және қатар өмір сүрген ғалымдар еңбектеріне берген бағасы ерекше ден коюды қажет етеді. Айталық сол уақытта аса ірі ғұлама атанған Шайх ал-Ислам туралы тебірене жазады «Біз Хорасанға көшіп келгенсін, бірнеше күн өткеннен кейін, сондағы қалыптасқан дәстүр бойынша баланың жасы төрт жыл, төрт күн, төрт сағат толғасын мектепке береді екен. Мені де Шайх ал-Исламидің дәрісін тыңдауға берді. Ол оң тізесіне отырғызып, басымнан сипап, жылы шуағына, аталык мейіріміне бөледі. Содан бері 38 жыл өтседе сол көрініс алдымда өшпестей болып қалып койды. Ол менің санама мәңгілік ұялаған бақытты шағымның ең биігі еді» дейді.

Тарихи жылнамада ұлы ғұламамен тұстас өмір сүрген аса танымал ғалымдар: Мир Тадж бен Хожа Исфаханилердің білімдарлығы жайлы да біраз айтылады.

Ғылым мен өнердің алуан түрлі салаларын түгел зерттеген Мұхаммед Хайдардың еңбегінен ақындар: Шайх Ахмед, Хусайн Али Джалайыр, Асафи Ахи, Хилами Бинан, Сайсри, кітап көшірушілер мен қылқалам шеберлері: Шах Мұзаффар, Бекзад, Хасым Али, Максуд Мирак, Баба Хаджи, Мулла Иусуф, Дарвиш Мухаммад, сол сияқты өрнектеуші әрлеушілер мен әншілер: Хфиз Базир, Хафиз Хасан Али, Хафиз Джами, әрі ақын, әрі ғалым, әрі кернейші, Абдаллах Марванидтер жайлы кең мағлұмат алуға болады. Ғажап өнер иелері Саид Мұхаммед Хиджаки мен Мазхар-и Удиден Утад Құл Мұхаммед асып түсті дейді. Арфа аспабын мың құбылтатын Хайдар Шах Балбани мен барлык сазды аспаптарда шебер ойнайтын Шаихи Найа Жәйміннің кереметін әсерлі жеткізеді.

Жастай талантымен танылған М.Х. Дулатидің алғашқы ұстазы ретінде кейбір зерттеушілер (ағылшын ғалымы Ч.А.Стори) Мұхаммед Самарқанди атты оқымыстыны атағанымен, оның басты ұстазының бірі Захридин Бабыр екені сөзсіз. Жалпы балаң жастың бойындағы бұйығы бұлақтың көзін ашып, ғылымға деген кұштарлығын оятқан да осы Бабыр. Өзінің атақты «Бабырнамасында» ол шәкіртінің азамат болғанына қуана отырып: «Жазуға, сурет салуға машық, жебе жасауға, зергерлікке, садақ июге қолының ебі бар. Он саусағынан өнер тамған жігіт. Ақындык дарыны да бар. Ол менен кешірім сұрап хат жазыпты, сөз саптауы тәуір...» деп, бала Мұхаммедтің ерекше қабілеттілігін баса көрсетіп, келешегінен үлкеи үміт күтеді. Бабырдың үміті ақталды.

Мырза өмір сүрген кезеңдегі ғалымдар өте көп еді. Олардың өмірбаяны туралы мағлұматтарды тарих бетіне сыйдыра да алмас едік.

Соның бірі ІІІайх ал-Ислам ұлы ғалым, оқымысты болған, Маулан Саддадин немересі. Маулан Саддадин Әмір Темір уақытында өмір сүрген оқымысты адам. Одан кейін оған тең келетін Мир Сайид шариф Джурджаниданидан басқа ешкім болмаған. Мир сайид Шариф өте жас еді. Маулан Саддадиннің қайтыс болуына он күн қалғанда (Әмір темір жиынында диспуттар өтіп тұратын) сондай бір диспутта бір жеңіп шығады. Осы уайымнан маулан ауырып қалады мир Сайид шариф оның халін сұрауға барғанда бір мысық оған келіп сүйкеніп, еркелей бастайды. Ал Мир ол мысықты итеріп тастайды. Сонда Маулан Саддадин: – «мысыққа деген сүйіспеншілік – сенімділіктен» – деген хадисті неге бұрмалайсың? – деп сұрақ кояды. Ал Мырза Мир: – «сіз неге сол адамммен байланысты хадисті оқымайсыз, мысықтың сүйіспеншілігі ол адамның сенімділігінен» – деп жауап береді. Маулан бұл жауаптан жеңіліп қалады. Осы оқиға оның ауыруына себеп болып, ақырында осы аурудан қыста өмірден қайтады.

Тағы бір ғалым – Мир Тадж, ал Маулан Исфаханиға тоқталсақ, керемет окымысты және хадистерді жетік білген. Оның Иракты тастап кетуіне мына жағдай себеп болады: Шах Исмайл өте қатігез адам болған. Ол халықтардың қауымын сұлтан, әмір, ғалым, төре тағы басқа демей өлтіре беретін. Ходжа Маулан да осындай бас кесуден қашып, бірінші хорасанға қоныстайды. Кейіннен Мауаранахрға кетіп, сонда қалады.

Сондай-ақ (ғалымдар): Мир Абдалкадир Мешхеди, Мир Жамалладин Шухаддис, Мир Атаалах, Мир Ибрахим Мешхеди, Маулан Масуд Ширвани, Маулан Хамид Ширвани, Маулан Асамаддин Ибрахим, Мир Мухаммади, Мир Жүсіп, Маулан шамсаддин, Мұхаммад бахрабади, Маулан Ханафи, Маулан Ибрахим Ширвани, Маулан Шах Сайид, Ашик маулан, Ахмад Руми, Маулан Мұхаммад Ғанджа, Маулан Ахмед Джанди, Маулан Мир Калан Табиб, Маулан Хаджи Табризм, Маулан Муин Табризм, Маулан садраддин, Мұхаммад Кандахари және Мырза Мир Абу-л-Бакаларды атауға болады. Олар сол өмір сүрген кезеңдерінде де және қазір де дүниені шуақтандырған ғалымдар деуімізге әбден болады.

Әдебиет

1.Абусеитова М. Казахское ханство ХVІ в., Алматы, 1985г.

2.Есдаулетов А. Правитель из Кашмира из рода Дулат. Заң, №18,1995ж.

3.М.Х. Дулати. Тарих-и- Рашиди. Алматы, 1999г.

4.Кәрібаев Б. М.Х. Дулати -– қазақ хандығының құрылуы туралы. Материалы...,Тараз, 1997ж.

5. Пишулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в серед. ХІV-нач. XV века. (Вопросы   политической и социально-әкономической истории) Алма-Ата, 1977г.

6. Кляшторный С.Г., Султанов Т.Н. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. Алматы. 1992. С. 246

Түпнұсқа: «VІІ Дулати оқулары» халықаралық-ғылыми практикалық конференциясының материалдары.

20-21 сәуір, 2012 жыл, І бөлім

 

 

 

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ІЗІМЕН

Есенәлиев Б.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты
Алматы


Ол анасынан шырылдап жетім қалғанда бар-жоғы екі-ақ жаста еді. Ең болмаса мейірі канып іше алмаған ана уызын аңсап әркімге жәутеңдеген сәби журегіндегі сағынышты дәл өзіндей сезінген жан болды ма екен? Бірақ тағдыр тәлкегі онымен таусылған жок. Жасы сегізге енді ғана толғанда жалғыз жанашыры әкесі Мұхаммед Хұсейін Шәһибек ханның жендеттерінің колынан қаза тапты. Тұкым-тұқиянымен құртыңдар! – деген жауыз ханның бұйрығын орындамақ болып ел ішінен жалаңдай іздеген қанішерлерден құткарып қалу үшін жанашыр жандар балаларды әр жаққа қарай жанұшыра алып қашты. Ал, кішкентай Мұхаммед Хайдар сонау Кәбілдегі бөлесі Бабыр патшаның қол астына жетіп жаны калды. Әкеге деген, бауырларына деген сағынышы жүрегін өртеп талай түндер өксіп шыққан шығар-ау. Жалпы Ұлы тұлғаның өмірі тек сағыныштарға ғана толы сияқты көрінеді. Әкесіндей болған Саид ханның тасыр ұлы Әбдірашид әкесінің Мұхаммед Хайдарға деген ыкыласынан сезіктеніп, хан тағынан айырылып қалармын деген коркынышпен әкесі өле салысымен елден еріксіз кетуге мәжбүрлегенде де көкірегі қарс айырылған күйі жат елге аттанып бара жатпады ма? Бар-жоғы төрт жүзге жетер-жетпес жігітпен Шер шах пен Қажы Чактың он мыңнан аса әскерін тас-талқан етіп Кашмир мемлекетінің билігін тартып алғанда да сартап сағыныштың басыла қоймағаны даусыз. Өйткені Сриннагар, Раджаури, Андаркөл, т.с.с қалалардағы асыл бабаның пәрменімен салынған ғимараттар мен мәуелі бақтар көкіректе қат-қаттап жиналған сезімдердің сәулелі белгісі. Ұлы даланың тарихын жырлаған «Тарихи Рашиди», «Жаһан наме» атты еңбектері өз жеріне, дархан даласына деген сағынышының жемісі. Арада бес жүз жылға жуық уақыт өтсе де сонау Кашмир топырағында қалған Ұлы бабаның рухы туған еліне үздіге карап тұрғандай боп елестейді маған. Сол қалпында талай рет түсіме де кірген. Егер жол түсіп бара қалсам қабіріне қоярмын деп Арқарлының жусанын да теріп қойғам. Енді міне Құдай сәтін салып Кашмирге, Ұлы бабаның басына баратын күн туды. Менің көкірегімдегі арманымды түсінген Жандарбек атты кәсіпкер жігіт бар шығынды өз мойнына алып мені Мұхаммед Хайдар Дулати бабаның жатқан жеріне апарып кайтатын болды. Қалай қуанбассың? Қалай риза болмассың?
Бірақ сөйтіп жүріп жеткен Сриннагардан Мұхаммед Хайдар жерленген «Мазар и Салатин» зиратын табанымыздан таусылып іздегенімізге алты сағаттың жүзі болды. Кімнен сұрасак та иығын қиқаң еткізіп бұрылып жүре береді. Бүкіл Қазақ жеріндегі мазар атаулыны жатқа білетін біздерге мыналардың кылығы тіпті түсініксіз көрінді.
    Мекен-жайын толық анықтап біліп алмаған екенсіз. Енді не істейміз? –дейді Жандарбек. Сриннагарға барсақ «Мазар и Салатинді» оп-оңай тауып алармыз деген үмітім бекер бопты. Сриннагар маңайындағы моғол бейіттерін аралай-аралай әбден калжырап үмітіміз үзілуге айналғанда қаладан отыз шақырым қашықтықта орналасқан «Ханпура» деген қыстақтағы Саид Мұхаммед Бекир деген елге сыйлы ақсақалдың үйінен ақ шықтық. Мұхаммед Хайдардың осы Ханпурада оқка ұшқанын білгендіктен бір табылса сол жерден табьілар деп жанымдағыларды бастап келген мен едім. Үй толы қара сәлделі ағайындар екен. «Ассалаумағалейкум!» – деп сәлем бердім. Сәлемімді алған төрдегі жүзі сұсты ақсақал жанындағы орынды көрсетті.
– Мұсылмансындар ма?
– Әлхәмдулла мұсылманбыз. Лә илләһә илә Алла, Мүхаммед расул Алла! – дедім. Ешкім үн қата коймады.
– Қайдан келдіңдер? Не мақсатпен жүрсіңдер? – деді қос сұрақты қатарынан қойып.
– Қазақстаннан келдік. Он алтыншы ғасырда Кашмир елін билеген Мұхаммед Хайдар Дулатидың ұрпағы боламыз. Сол кісінің зиратына барып кұран оқып қайтсақ деп едік – дедім.
– Қазақстан деймісің? – деп қайта сұрады. Отырғандар «Қазақстан» деген елді мүлде білмейтін болып шықты. Мәссаған!
– Президентіміз Назарбаев – дедім. Мына қызықты қараңыз.
– Назарбаевты білеміз – деді әлгі кария. Өте мықты адам. Мұсылман елдері оны мақтан етеміз. Ал сендер іздеп жүрген Мәлік Хайдар...
– Мұхаммед Хайдар Дулати! – деп түзеттім.
Жоқ, сіз дұрыс айтқан жоқсыз. Оның есімі «Мырза Мұхаммед Хайдар доғлот Қашқари» – болады деді қария өз тіліне икемдеп сәл бұрмалай. Ұлы Зейін Әл Әбиденнен кейінгі көп өзгерістер жасап Кашмир жерін қайта түлеткен Ұлы реформатор. Біз оны   құрмет тұтамыз. Кез-келген адамға оның жатқан жерін көрсете бермейтініміз де содан – деп қойды.
Белгілі болды. Сырттан келген адамға Ұлы адамдардың зиратын көрсету үшін де мына қариялардың рұқсаты керек болғаны ғой. Бұл бір жабайылык боп көрінгенмен үлкендердің айтқаны бойынша сақталатын осы елдің бұлжымас заңындай әсер берді. Менің осы ойымды сезгендей:
– Бәрін де бақылап отырамыз – деді қария. Сосын ойланып отырды да:
- Тәжікстан мен Қазақстанның арасы канша жер?-деп сүрады. Не ойлап отырғанын ұкқандаймын. Мұхаммед Хайдар бабаның туған жері «Ұра төбе» Тәжікстан жерінде. Бірак бір Тәжікстан емес Бүкіл Үндістан, Иран, Ауған елдерінің қаһарман бабаларымыздың иелігінде болғанын қайдан білсін? Ақиқатты бұрмалап, Ұлы даланың қаһармандығын тарихтан тыс қалдырған қасақана саясат емес пе?
– Кәзір арадағы шекаралар алыстатып жіберді ғой. Ерте кезде олардың бәрі біздің бабалардың меншігінде болған – деп жауап бердім.
– Аға-ау, кеш болды ғой отыра береміз бе осылай? – дейді Жандарбек тықыршып. Қарияға қарасам асығатын түрі көрінбейді. Тіпті алдымызға дастарған жайылып шай келе бастады. Амал жоқ жайбарақат адамның кейпінде сөз бастадым.
– Байқап отырмын Қазақстаи деген елді білмейді екенсіздер. Сіздер отыз жыл бойы арпалысып тәуелсіздік ала алмай отырсаңыздар, біз Ұлы империяның тұзағынан босап жиырма жыл бұрын тәуелсіздігімізді алған еркін елміз. Сіздердің елдеріңізге келіп отырғанымыз да Алланың бұйрығы шығар. Қырыктың бірі кыдыр деген сөз бар бізде. Қадамымыз құтты «Қыдыр» біз болып, ұзамай тэуелсіздіктеріңізді алыңыздар. Осы тілекті дұғамызға қосып жүрерміз – дедім. Менің орнықты үнмен айтқан сөздерімді Делиден қосылган Зафар аударып отыр. Байқаймын кең бөлмедегі жандардың түнерген жүзінде жылу пайда болып, көздері нұрлана бастады. Қария орамалымен жасаураған көзін сүртіп жүзіме дұрыстап қарады. Екі жігіт жүгіріп келіп сүйемелдеп қарияны орнынан тұрғызды. Маңдайымнан иіскеп бата жасап жүзіме үшкіріп дем салған қария даусы дірілдеп тұрып батасын берді. Бұл бір үлкен құрмет белгісі болса керек. Кашмир тілінде бір ауыз сөз айта қойып еді жүргізушіміз Мұхаммед Ғұлам тізерлеп жақындады. Қолына қарындаш алған қария қағазға әлденелерді жазып оған ұсынды. Бұл кезде күн батып кеткен еді.
– Тәуелсіздік дегеннің қадірін білмейді екенбіз-ау Бәке! – дейді Жандарбек жол бойы ойға шомып. Түнделетіп қалаға кірдік. Әлгі карияның рұксатын алған жүргізушіміз иін тіресе орналасқан ескі қаладағы «Мазар и Салатинге» тұп-тура алып келді. Түн болса да Зейін Әл Әбиденнің анасының мазары көзіме оттай басылды. «Осы! Күні бойы іздеген зиратымыз осы!» –деп дауыстап жібердім қуанғанымнан.
Ал, енді мына қараңғыда қаптаған зираттың арасынан Мұхаммед Хайдар бабамыздың бейітін калай таппақпыз. Жандарбек пен Зафар оң жақтағы кұлпытастарды аралап кетті. Кенет Әбсаттар ағамыздың «Мазар и Салатиндегі бәйтерек» – деген әңгімесі ойыма сап ете қалды. Түн караңғылығында қабірстанның сол жақ түкпірінде калқайып тұрған екі үлкен талдың сұлбасын байқадым. Көп ойланып тұрмай-ақ бірден сол жақка беттедім. Құлпытастардың ара-арасымен абайлап өтіп жақындап келгенде жүрегім аттай тулап қоя берді. Дәл соның өзі. Дегенмен әбден көз жеткізіп алмақ болып қолшамның жарығымен түгел қарап шыктым. Уйлиям Муркрафт пен Мир Иззатулла ханның қойған тасы. Тізерлеп отыра қалып маңдайымды тигізіп бетімді бастым. Тастың суық салқынымен бірге ғажайып бір леп білінгендей болды. Жандарбек пен Зафарды колшамның жарығын бұлғап өзіме шақырдым. Құран оқып болған соң елден ала барған топырақты сеуіп, дала жусанын құлпытастың төр жағына койдық. Кенет, тып-тыныш тұрған бейіт басындағы алып тұт ағашы қатты соққан желмен тербеліп кетті де күзгі жапырағы төбемізден сауылдай төгілді. Жаңбыр тамшылары тама бастады. Есіне әлдененелер түсіп кетті ме, жоқ әлде беймәлім бір сыры бар ма Делилік Зафар солқылдай жылады. Жандарбек екеуміздің де оңып тұрғанымыз шамалы. Көз жасымды сүртіп аспанға қарасам шөкімдей бұлт жоқ. Ай шалқасынан жарқырап жатыр. Түнгі моладай тып-тыныш деген сөздің мағынасын өмірімізде бірінші рет бастан өткеріп орнымыздан тұрдық. Қалған шаруаны ертеңге қалдырмасақ түнейтін жерсіз қалатын түріміз бар. Осыған келісіп Ұлы бабаның құлпытасына еңкейіп маңдайымызды тигізіп жатқанда Жандарбек:
– Аға, мынау иісті сезіп тұрсыз ба? – дейді. Бағана келгенде-ак байқағам. Бірақ тым әсершілдене бермейінші деп үндемеген едім. Құлпытастың төменгі жағынан болар-болмас қана сезілетін жұпар иісті тағы да құныға йіскедім. Жұмақтың иісі болар сірә. Асыл бабаның әруағымен бірге келген лепті біз осылай сезіндік.
Қонақ үйде кешкі ас ішіп отырып:
– Біз жат жерде қалған бабаларымыз үшін жыладық. Ал, саған не көрінді соншама солқылдап? – деймін Зафарға қарап.
– Ол менің де бабам – деді Зафар.
– Қалай сенің бабаң болады? Сен үндіс емессің бе?
Зафардың жүзіндегі толғанысқа карағанда бұл сырын көп жариялай бермейтін сиякты көрінді. Кім біледі жат жерде жүрген жандар аса сақ болады ғой деймін.
– Менің аты-жөнімнің соңында тұрған «мугал» деген атауга мән бермегенсіз ғой. Ол «моғол» деген сөз. Әкем – Ахмет Мугал, мен – Зафар Мугал. Ата-бабамыздан бері қарай осылай жалғасып келе жатыр.
– Онда сен біздің бауырымыз болдың ғой!? – деймін абдырап.
– Иә, біз бауырлармыз!
Кешегі Делиден кейін Сриннагар түні салқын болды. Қалың көрпеге оранып Кашмирде табысқан Зафар бауырымызбен бір бөлмеде жып-жылы ұйықтап шықтық.
Таң ата ертелеп «Мазар и Салатинге» қайта келдік. Ханша мазарының ар жағындағы тас порталдың ішінде жергілікті елден шыккан әмірлер мен Зейін Әл Әбиденнің туыстары, ұрпактары жатыр. Осылардың бәрін тездетіп аралап шығып Мұхаммед Хайдар баба жатқан отбасылық зиратқа беттедік. Құлпытастың бас жағында өсіп тұрған шынардың артында тұрған алғашкы (1551 ж) қойылған кұлпытастың үстіңгі бөлігі жапсарластырған жерінен сырғып кеткен екен. Үш-төрт жігіт жабылып орнына коя алмадық. Мына түрімен ендігі екі-үш жылда кұлпытастар бөлініп-бөлініп, әр бөлігі әр жерде қалатындай көрінді. Соншама жерден іздеп барған Ұлы баба зиратының мына жағдайын көргенде көңіліміз алай-түлей болды. Бірақ, кімді кінәларсың? Қамқорлығымызға аламыз деген жергілікті биліктің жайы мынау, ел ішіндегі бүліншіліктерден байтал түгіл бас қайғы болып отыр. Елшілікте отырған жігіттеріміздің оған уақыты жоқ болар. Жалпы олар мола күту үшін отырған жоқ қой онда. Кашмирдің басқа аймағын былай қойғанда бір ғана Сриннагардың маңайында үстіне ешкі тайраңдап, сиыр жайылып жүрген моғол қорымдарының саны бес-алтаудан көп болмаса аз емес. Солардың сыртын қоршап мал кірмейтін жағдай жасап кою соншама көп шығынды керек етпейтін шаруа. Кешегі бізді соншама сандалтқан Кашмир жүргізушісі үлкендердің ақылымен сол қорымдарды әдейі аралатқан болар. Бабаларының зираты қандай күйде жатқанын көздерімен көрсін деген шығар. Намыстары болса ойланар, ел болса бір шарасын жасар дегені шығар.
Ол жерден шықкан соң тездетіп моғол паркіне тарттық. «Дэл» көлінің шығыс жак жағалауында орналасқан бұл парк біреу емес бірнешеу болып шықты. Қайсысына апарайын деген жүргізушінің сұрағына «Көне моғол паркіне апарыңыз» – дедім. Көп заманды көрген ескі хауыздардың жағалауындағы тас көшені бойлай түп-түзу етіп ағаш егіліпті, жалпы саны қырық-елу түп болса керек. Ағаштардың жуандығы соншалықты екі-үш адамның кұшағы жетпейтіндей өте жуан, әрі төбесі көк тіреген зәулім. Бір ағашты дарылдатып арамен бөлшектеп жаткандардың жанына келіп, ағаштардың жасын сұрадык. Шамамен 450-470-жыл деп жауап берді. Мына тұрған ағаштардың бәрі де осылай кесіле ме? – деп сұрадық. Әрине – деді әлгі жігіт. Мынадай алып ағашты кашан кұлайды деп күтіп тұрмаймыз ғой енді.
Демек, алдағы үш-төрт жылдың ішінде түгел құрып біткелі тұрған мына шынарларды ең болмаса деректі фильмге түсіріп алып қалуға жарамағанымыз ба? Құдайым-ау жауынгер бабаларымыздың өз қолымен отырғызған ағаштары, өз қолымен тұрғызған ғимараттары ғой мынау. Кашмирде бізге тікелей қатысы бар мынадай дүниелердің барын білу, далалык бабаларымыздың әлемдік мәдениет пен сәулет өнеріне қосқан осыншалықты еңбектері барын паш ету-бізді «көшпенділер» малдан басқа ештеңе білмейтін надан ел деп қарайтындарға айтылар нақты жауап емес пе? Өзге емес бізге тиесілі жәдігерлер емес пе!? Олардың орыны әлемдік кұрметтің төрінде тұр ғой. Сол биікке ұмтылудың орнына быртиып бұғына беретініміз неліктен екен!?
Мұхаммед Хайдар бабаның Бабыр патша мен Саид ханның жанындағы еңбектері бізге мәлім. Ал енді, Кашмир үшін не істеді?
Ең бірінші елдің жағдайын құлдыратып жіберген Макарилер мен Чактар әулетінің күресіне тойтарыс берді. Олардың орынсыз салығынан елді босатып, солардың меншігінде бос жатқан ұлан-байтақ жерлерді кедей-шаруаларға алып берді. Бүкіл елді жұмылдыра отырып мемлекеттің жағдайын үш-төрт жылдың ішінде адам танымастай етіп алға оздырды. Кашмир мемлекетінің кез-келген соғысқа төтеп беретін өз әскерін кұрды. Дербес билікті алғанымен тұрмай еңді Бүкіл Тибет өңірін бағындырып қарақұртша қыбырлаған қалың Қытай мен Үндістанның өзіне азу көрсете бастады. Қаһарлы Шершахтың ұлы Ислам шахпен келіссөз жасап Пәкістан, Ауған, Иран елдерімен қарым-катынасты орнына койды. Ал бұл аралықта қаншама медреселер ашылып, қаншама ғимараттар салынды. Кашмирді еркін жайлап, пасық сенімдермен халық санасын улаган қаншама секталар түп-тамырымен жойылды. Ел тойынып, ғылым мен өнер, мәдениет қаркындап алға басты. Кашмир көз алартқан жауларынан түгелдей кұтылып мамыражай іргелі де мықты мемлекеттің қатарына қосылды. Әрине түгел тізіп шығу үшін көп уакыт керек. Бар болғаны он екі жыл үшін осы аз ба? Ал, егер көреген бабаның түпкі мақсаты орындалып Әбдірашид ханмен бірлесе отырып Кашмир мен Қашқар, Жаркент арасында карым-қатынас орнатқанда не болар еді? Түгелге жуық бағындырып ислам дінін мойындатқан Тибет аркылы Қытайды қарамағына алу емес пе еді арғы ойы? Кешегі Сайд хан өсиет еткендей Қазақ хандығымен одақты күшейтіп іргесін бірлесе отырып бірге калағанда болашақтағы тарих дөңгелегі мүлде баска бағытпен жүрер ме еді қайтер еді?
Мұның бәрі бұл күнде тек тәтті қиял ғана. Есіл ерді дегеніне жеткізбей орға құлатқан сол жергілікті билік өкілдерінің ұрпағы Саид Мұхаммед Бекир ақсақалдың тәуелсіздік алып дербес отырған мемлекетімізге қызыға да қызғана қарауының астарында осындай өкініштер жатыр емес пе? Өйткені ол ақсақал Мұхаммед Хайдар Дулаттың өмірін қиып, орнын иеленген атасы Иди Райна, Хваджа Қажының опасыздығын білмей отыр ғой деймісіз? Білгенде қандай!
Әрқайсысының арқасына ши жүгіртіп бір-біріне айдап салып бес айға жеткізбей Кашмир елінің тоз-тозын шығарған жоқ па? Тіпті енді ынтымағымыз бұзылмайды деп жаппай қыз алысып, қыз берісіп туыстық орнатқан Чактар мен Макари әулетінің құдалықтары да құтқара алмады ғой Кашмирді. «Мазар и Салатинде» бір-бір мәрмәрді кеудесіне қойып жатқанымен олардың бір де біреуі Мұхаммед Хайдар Дулаттай адамзат ұрпағының құрметіне мәңгі бөлене алмайды. Ұрпақтары олар үшін қаншама мазар тұрғызса да олардың салтанаты моғолдар саябағына жете алмапты.
Қасиетті даламыз талай ұлыларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкірегі ояу, көзі ашык, ойшыл азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жазғанымен тұрмай кейінгі ұрпақтарға мұра етіп қалдырды. Аты күллі әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – бірегей тұлға Мұхаммед Хайдар Дулати. Аты аңызға айналған бабамыз туралы пьеса жазып бітіре салып қара шаңырақ М.Әуезов атындағы театрға апарып бергем. Қайдан білейін, Мұхаммед Хайдар Дулаттың сахналық бейнесі жазылғанға қуанар деп ойлағам. Сөйтсем босқа үміттеніппін. Аттай бір жарым жыл өткен соң аталмыш театрдың басшысы Есмұхан Обаев мырза ешкандай себебін түсіндіріп жатпастан пьесаны Қарағанды облыстық театрына беріп жібергенін айтты. Мұндай жабырқамаспын. Әйтеуір Оңтүстік Қазақстанның азаматтарының белсенділігінің арқасында спектакль дүниеге келді. Жай ғана келген жоқ, әншейінде шақырып келтіре алмайтын көрерменді театр залына өте ұзақ уақытқа толтыра келді. Бұл жерде Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаевқа, Мәдениет департаментінің басшысы Күлия Адарбековаға және Ж.Шанин атындағы облыстық театр ұжымына шексіз алғысымды білдіремін. Ендігі мәселе үлкен үмітпен жазылған он тоғыз сериялық фильм сценариі төңірегінде болып тұр. Алдымен өте көп қаржы керек екен, шамамыз жетпейді деп «Қазакфильм» акционерлік коғамы ат тонын ала қашты. Ақордаға хат жолдап, ішкі саясат бөлімінен көмек сұрадық. Хатқа еліміздің белгілі мәдениет пен әдебиет қайраткерлері: Ш.Мұртаза, А.Әшімов, Н.Оразалин, М.Мырзахметов, Н.Ықтымбаевтар қол қойды. Минисірліктегі комитет басшыларынан бұдан былай көп сериялы фильм түсірмейтін болдық, сценариіңізді телеарналарға ұсынып көріңіз деген жауап алдық. «Хабар» телеарнасы қаржымыз жетпейді деп бірден бас тартты, әйтеуір «Қазакстан» телеарнасының Бас продюссері Серік Аббас Шах биылға жоспарга кіргізе алмаймыз бірақ, болашақга көрерміз деп үміттендірді. Түкке тұрғысыз фильмдерді ойланбай түсіріп, сыннан сынға ұрынып, өз елін мазаққа айналдырып, өзге елдің бір жапырак мақтау қағазына малданып, өзін де өзгені де алдап жүрген кино жасаушылардың тарихи сценарийге деген көзқарасы осындай болғанда өзгелер қайтсін!? Ол туралы фильм түсіру еліміз үшін абырой болса керек еді ғой. Өз-өзімізге менсінбей қарап өзгенің қаңсығын таңсык көргіш кембағал түсініктен қашан арыламыз!? Әлде, басқалай бір себептері бар ма? Ұлы тұлғаларға тым төмен түсінікпен, қазақы пендешілікпен қарағанды қашан қояр екенбіз!? Дағдарыс деген – жақсылык пен ізгі ниеттің орындалуын қаламайтындар үшін жақсы сылтау болды ма дейсің кей-кезде. Дағдарыстар жалғаса береді, бірак әр қиындықтан үркіп нағыз керегімізді кейінге ысыра берсек кім болғанымыз!?

Түпнұсқа: «VІІ Дулати оқулары» халықаралық-ғылыми практикалық конференциясының материалдары.
20-21  сәуір, 2012 жыл, І бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫН АЛҒАШ ЗЕРТТЕУШІ

Кәрібаев Б.Б. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі 20 жылдан сәл ғана астам уакыт ішінде еліміз бірнеше жиырма жылдарға тұрарлықтай кезеңді басынан өткеріп, адам танымастай өзгерді деуге болады. Ол өзгерістер коғамдық қатынастардан бастап қоғамдык өмірдің барлык салаларын қамтыды. Тәуелсіз елдің жаңа жас буыны өсіп жетіліп, олардың өздері ел ішіндегі қайнаған қызу өмір мен үдемелі үдерістерге белсене араласа бастады. Жалпы ғылымдар мен қоғамдық ғылымдар секілді отандык тарих ғылымы да осы жылдары сандық жағынан да, сапалық жағынан да анағұрлым жоғары көтерілді. 20 жыл ішіндегі Отандык тарих ғылымының жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері ұшан-теңіз. Ал енді тарих ғылымының кай дәуірі мен кезеңі, оның қандай мәселелері жақсы зерттелді деген сауалға келсек, оған бірден және біржақты жауап бере қою қиын. Өйткені тарих ғылымының барлық мәселелері бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жетерлік. Соның біріне – кейінгі ортағасырлардағы Қазақстан тарихының мәселелері жатады.

Ортағасырлық Қазақстан тарихының ХV-ХVШ ғасырлардағы кезеңі – Қазақ хандығы дәуірі деп аталатыны белгілі. Бұл дәуір өз ішінде бірнеше кезеңдерден тұрады. Тек қана XV- XVI ғасырлардың өзінде хандықтың тарихы саяси тарихтың дамуына байланысты кұрылу, күшею, «уақытша әлсіреу», қайта өрлеу және казақ халқының этникалық аумағының қалыптасуының аяқталуы деген кезеңдерге бөлінеді. Осы кезеңдердегі саяси тарихтың мәселелерін зерттеуде бірінші орынды жазба дерек мәліметтері алатыны белгілі. Кейбір жазба дерек мәліметтері накты бір тарихи мәселені шешуде жанама немесе косымша рөлдер атқарса, ал кейбіреулері басты немесе негізгі рөлдер атқарады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақ хандығының тарихындағы алғашқы үш кезеңді зерттеуде, яғни хандыктың кұрылу, күшею және «уақытша әлсіреу» кезеңдерін қарастыруда негізгі жазба дерек мәліметтерін ортағасырлык тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен табамыз. Ал басқа жазба дерек мәліметтерін «Тарих-и Рашиди» мәліметтерімен толықтыра отыра, Қазақ хандығының жоғарыда айтып өткен кезеңдерін терең зерттеуге мүмкіндіктер аламыз. Не себепті шығарма авторы Қазак хандығының алғашқы кезеңдері туралы мол мағлұматтар қалдырған деп сұрақ қойсақ, оған былай жауап беруге болады. Егерде ортағасырлық шығармалардың көпшілігі баяндау сипатында болып, авторлар өз көргендері мен естігендерін қағазға түсірсе, Мұхаммед Хайдар Дулати өз шығармасын жазуға үлкен дайындықпен келіп, жиналған материалдарын белгілі бір принциптер бойынша оқырмандарға ұсынады. Шығармамен етене таныскан адам оның хронологиялык, проблемалық принциптерді қолданғанын байқайды. Мұндай принциптер зерттеушілерге ғана тән. Олай болса, Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ хандығының алғашкы кезеңдеріндегі тарихын тек баяндап коюшы емес, сонымен бірге оны жүйелеп, материалдарын екшелеп, өз заманының талабына сай келетін зерттеуші болып саналады. Сол себепті де «Тарих-и Рашиди» еңбегінен біз Қазақ хандығының алғашқы кезеңдердегі тарихына қатысты мол материалдарды таба аламыз. Төменде біз Мүхаммед Хайдар Дулатидың Қазақ хандығының алғашқы кезеңдерін қалай зерттеп, материалдарды қалай қолданғанына назар аударалық.

Алдыменен қысқаша автор туралы айта кетсек.

Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары Шағатай Ұлысының шығыс бөлігінде, кейіннен автордың өзі Моғолстан мемлекетінде жоғарғы мемлекеттік қызмет атқарып, мемлекеттің қоғамдық-саяси тарихында ерекше орын алған тұлғалар болған. Ұлысбегі қызметі автордың ата-бабаларына мұрагерлік жолмен беріліп отырған. Мұхаммед Хайдар 1499/1500 жылы Ташкентте дүниеге келеді. Шешесі жағынан ол моғол хандарына туған жиен, Темірлік Захир ад-дин Бабырға туған бөле болып келеді. Оның жастық шағы ХVІ ғасыр басындағы Мауереннахрдағы болған аумалы-төкпелі жылдарға сәйкес келіп, 1508 жылы әкесінен айырылады. 3-4 жыл Ауғанстандағы Бабырдың қолында болып, 1513-1533 жылдары шағатайлық Сайд ханмен бірге жүреді. Одан кейін Солтүстік Үнді жеріндегі Бабырдың ұлдарына келеді де, 1540-1551 жылдары Кашмир өлкесін бағындырып, ол жақта жеке дара 11 жыл билік құрады. 1551 жылы қастандықтың құрбаны болған.

Мұхаммед Хайдар қолбасшы, мемлекет басшысы, философ, дінтанушы ғана емес, сонымен бірге дастан жазған акын, тарихи шығарма жазған ғалым – тарихшы да. Оның қаламынан «Жахан-наме» атты поэма, «Тарих-и Рашиди» атты тарихи туынды дүниеге келген. Жалпы алғанда, Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірі мен оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі тарих ғылымына XIX ғасырдың 50-шы жылдарынан бері жақсы таныс [1, 14-27 бб.; 2, 131-133 бб.; 3, 598-599 бб.; 4, 91-100 бб.; 5, 78-87 бб.; 6, 22-23 бб.; 7, 829 б.; 8, 190-203 бб.; 9,176-197 бб.;]. Соңғы жиырма жылдык кезеңде тарихшыларымыздың ізденістері аркасында Мұхаммед Хайдар Дулатидың есімі мен оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі Отан тарихында өзіне лайықты бағасын алу үстінде деуге болады.[10,176-197 бб.; 11,12, 13, 14, 15.]. Осы бүгінгі болып жатқан ғылыми басқосу және бұған дейін 1997-2000 жылдар аралығында Тараз бен Алматы қалаларында Мұхаммед Хайдар Дулатиға арнап өткізілген халыкаралык ғылыми конференңиялар соның көрінісіне жатады.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиі» – автордың көзімен көрген және құлағымен естіген тарихи оқиғаларды баяндап кана коятын шығарма емес. Шығарманың құрылымы, екі бөлімде де хронологиялық, жүйелілік принциптердің сақталынуы еңбектің ғылыми сипатын көрсетеді. Жалпы шығарманың ғылыми құнылыктарының бірін – онда қолданылған деректік негіздер анықтайды. Жас ғалым, дулатитанушы Манзура Калиекованың дәлелдеп көрсетуінше, Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу барысында үш түрлі дерек көздеріне сүйенген:

1)      діни деректер, олардың саны – 9;

2)      тарихи деректер,олар – 12;

3)      әдеби шығармалардың деректері, олар – 6. [15,38-56 бб.]

Сонымен қатар Дулати жазба деректерден басқа жергілікті түрік халыктары арасындағы ауыз әдебиетінің, ауызша мәлімет берушілердің материалдарын да өз еңбегінде жақсы пайдаланған. Міне, осы айтылған ойларымыздың бәрі Мұхаммед Хайдар Дулатидың ірі ғалым екендігін, оның шығармасында ғылыми сипаттың басым екендігін көрсетеді. Біз оны автордың Қазақ хандығы тарихының алғашкы кезеңдерін баяндауьшан аңғарамыз.

Енді «Тарих-и Рашиди» еңбегінде     Қазақ хандығы тарихының алғашкы кезендері қалай карастырылып, қалай көрініс тапқанына тоқталалық.

«Тарих-и Рашидидің» екі бөлімнен немесе екі кітаптан тұратыны белгілі. 1541/42 жылы мемуарлық сипаттағы екінші кітап, ал тарихи сипаттағы бірінші кітап – 1546 жылы З наурызда жазылған [14, 529-530 бб.]. Аталған екі кітапта да қазақ тарихына қатысты материалдар жиі кездеседі. Тарихи сипаттағы кітапта біз қарастырып отырған мәселе 39-шы тарауда өте қысқаша түрде Моғолстан тарихының Есенбұға хан билік құрған жылдарында болған оқиғалардың бірі ретінде баяндалады.[14,108-111] Ал тарихи сипаттағы кітапта автор Қазак хандығының тарихына байланысты оқиғаларды 33-ші және 34-ші тарауларды айтады. [14,305-311].

Қазіргі кездегі Отандық тарихнаманың осы мәселе бойынша қол жеткізген жетістіктері тұрғысынан Дулатидың баяндауларын талдап көрелік.

1)      «Есенбұға ханға әмірлердің қарсылық көрсеткен күндерінен әңгіме» атты тарауда ХV ғасырдың 30-50-шы жылдарындағы Моғолстанның ішкі саяси өміріндегі жағдайлар туралы, яғни моғолдың ірі тайпалары көсемдерінің ханға қарсы әрекеттері баяндалады [14, 104-108 бб.]. Бұл мәліметтер бізге Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстанның ішкі және сырткы саяси жағдайынан хабардар етіп, ол жағдайлардың хандықтың құрылу барысына қаншалықты дәрежеде қолайлы алғышарттар жасағанын көрсетеді;

2)      Есенбұға ханның Мауереннахрдағы саяси дағдарысты пайдаланып, ол жаққа жасаған жорықтары туралы, Әбу Сайд мырзаның Есенбұға ханның жорыктарына қарсы ойластырған жоспарлары, темірлік мырзаның моғол әскерлерін Ианги (Тараз) түбінде жеңіліске ұшыратуы туралы мәліметтер [14, 108-110 бб.]. Бұл мәліметтерден біз Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстан мен Мауереннахрдағы Темір әулеті мемлекеттері арасындағы саяси қатынастардың әбден ушыққанын, жетер шегіне жеткенін кореміз. Өз кезегінде бұл жағдай Қазақ хандығының Жетісу аймағының батыс бөлігінде шаңырақ көтеруіне тікелей себепші болады.

3)      ХV ғасырдың орта тұсында Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында өз билігін толықтай орнаткан Әбілқайыр хан және одан бөлініп Моғолстан аумағына қоныс аударған Керей мен Жәнібек хандар туралы, оларды Есенбұға ханның қуана қарсы алып, Моғолстанның батыс жағындағы Шу мен Қозыбасы өңірінен жер беруі туралы, олардың «қазақ» атануы туралы мәліметтер. Қазақ хандығының кұрылу тарихында бұл мәліметтер – ең негізгі дерек болып саналады.

4)      Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 (1465-66) жылдан басталады, «Алла жақсы біледі» деген мәліметтері – Қазақ хандығының құрылу тарихыңдағы ең басты, ең негізгі жазба дерек мәліметтерінің біріне жатады.[14, 110]. Қазіргі кезде Қазақ хандығының құрылуына қатысты ой-пікір айтып, тұжырымдар білдіріп жүрген тарихшылардың бәрі Мұхаммед Хайдар Дулатидың осы мәліметтерін негізге алады. Дегенменде автордың оқиғаларды баяндауында дәлдік сакталғанымен, олардың уақытын көрсету кей жағдайларда болжаммен, шамамен беріледі. Мұхаммед Хайдар Дулати ондай болжаммен, шамамен берген даталардың өте дәл емес екенін алдын ала біле отыра, олардан кейін міндетті түрде «Анығы бір Аллаға аян» деген сөз тіркесін қолданып отырады. Бұл сөз тіркесі қазірге дейін қазақ тілінде колданыста бар. Ол көбінесе бір нәрселердің санына, уақытына, көлеміне қатысты мөлшермен, болжаммен айтқанда қолданылады. «Тарих-и Рашидидің» мемуарлық сипатындағы кітабында бұл сөз тіркесі жоқ. Өйткені автор онда тек өзі қатысқан, куәгері болған оқиғаларды баяндағандықтан уакытты, сандарды, жылдарды шегелеп накты айтады. Ал тарихи сипаттағы кітапта «Алла жаксы біледі» деген тіркесі 6 жерде кездесіп қалады. Осы жолдардың авторы сол алты жағдайды саралаганда деректердің жетіспегендігінен Дулати кейбір оқиғалардың уақытын ондықка дейін мөлшермен айтып, соңына жаңағыдай сөз тіркесін пайдаланып отыратынына көз жеткіздік. Солардың біріне осы жерде тоқтала кетсек. Ол Ұлықбек туралы тарихи кітапта айта келе, «Тарихи жылнамада оның (Ұлықбектің) туған күні белгісіз. Егер де сол кездегі мерзімдерді салыстырар болсак, ол шамамен 860 (1455-1456) жылдары қайтыс болған. Алла жақсы біледі» [14, 95]. Қазірде тарихта белгілі болып отырғандай, Ұлықбек 1394 жылы 22 наурызда дүниеге келіп, 1449 жылы 25 қарашада кайтыс болған. Көріп отырғанымыздай Мүхаммед Хайдар Дулатидың дәлсіздігі ондықа дейін болып отыр.

«Тарих-и Рашидидің» біз жоғарыда келтіріп отырған мәліметтері Қазақ хандығының құрылу кезеңін көрсетеді. ХV-ХVІ ғасырларда жазылған басқа деректерде мұндай мәліметтер кездеспейтіндіктен, біз Мұхаммед Хайдар Дулатидың деректерін оригиналды және өз шамасынша хандықтың құрылуын жүйелі баяндайтын деректер қатарына жатқызамыз.

Қазақ хандығының құрылу кезеңіне – 1457-1470/71 жылдар аралығы жатса, 1470/71-1521 жылдар аралығы хандықтың күшею кезеңі болып саналады. Бұл кезеңнің басты окиғалары, олар – XV ғасырдың соңғы 30 жылдығында хандықтың Сыр бойындағы қалалар мен жайылымдар үшін Темір әулетімен жүргізген күрестері, XVI ғасыр басында Мауереннахрда билікке келген Шибан әулетімен болған күрестер және Қасым ханның билікке келіп, қазақ халқының аумағын біріктіру жолындағы жүргізген күрестері. Мұхаммед Хайдар Дулати бұл кезеңнің де оқиғаларын өз еңбегінен тыс қалдырмайды. Алғашқы екі күрес оқиғалары жөнінде ештеңе айтылмайды да, Қасым ханның билікке келген кезінен бастап қазақ мемлекетінің күшеюі мен нығаюын өте тәуір баяндайды. Ол кезеңнің деректері мынадай сипатта болып келеді.

1)      Керей ханнан соң билікке оның ұлы Бұрындықтың отыруы, әкесі Жәнібек хан секілді Қасым ханның Бұрындық ханды тыңдап бағынғандығы туралы мәліметтер.

2)      Қасым ханның Жүніс ханның қыздарының бірі – Сұлтан Нигар ханымға үйленіп, шағатайлық әулетпен туысқандык байланыстар орнатуы туралы мәліметтер.

3)      Қасым хан билігінің күшейіп, Бұрындық ханның Мауереннахрға кетуі туралы мәліметтер.

4)      Қасым хан билігін бағалап, оны XIII ғасыр басындағы Жошы ханның билігімен теңестіруі және Қасым хан әскерінің саны мен қазақ халкының санын көрсетуі.

5)      Қазақ Ордасына шағатайлық Сұлтан Сайд ханның келуі, Қасым хайның оған көрсеткен қошеметтері және соған байланысты кейбір окиғалар туралы кең мазмұндағы мәліметтер.

6)      Қасым ханның қайтыс болған жылына байланысты мәлімет [14,306-307 66].

Көріп отырғанымыздай, Қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы күшеюі Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегінде біршама көрініс тапқан. Кейіннен бұл мәліметтер басқа жазба деректерге негіз болып алынады.

Қасым ханның қайтыс болуынан кейін Қазақ тарихында «уакытша әлсіреу» деген шартты атауға ие болған кезең басталады. Бұл кезеңнің хронологиясына зерттеушілер XVI ғасырдың 20-30 жылдары аралығын жатқызады. Қасым хан қайтыс болганнан оның ұлы Хакназар хан билікке келген кезге дейінгі аралық Қазак хандығы мен қазақ халқы үшін ең алғашқы тарихи сынақ болған кезең деуге болады. Бұл кезеңге қатысты мәліметтер Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінде біршама жақсы баяндалады. Енді сол кезең туралы автордың деректеріне кұлақ түрсек.

Қасым ханның қайтыс болған жылын айта келе, Мұхаммед Хайдар Дулати одан кейін болған окиғаларды былайша баяндайды: «Қазақ сұлтандарының арасында тартыс басталды. Қасым ханнан кейін оның ұлы Мамаш хандық таққа отырды. Ол шайқастардың бірінде тұншықпадан өлді. Одан кейін Әдік сұлтанның ұлы Тахир хан таққа отырды. Ол қатыгез адам болатын, қаталдығы өз шегінен шыкқан соң елінің саны төрт жүз мың бола тұра одан бірден безіп бытырап кетті. Оның қара басы қырғыздардың арасында жалғыз қалды, мүшкіл жағдайда қаза тапты.

Отыз мыңға жуық адам тағы да Моғолстанға жиналды. Тахир ханның бауыры Буслаш (Бұйдаш ханды айтып отыр.- Б.К.) хан таққа отырды. Ең ақырында сәтсіз тағдырдың қырсығынан соншама халықтан міне, бүгін төртінші жыл болып барады (Кітап 1541 жылы жазылған. - Б.К.), ешбір жерде із де қалмапты. Отызыншы жылдары (930 (1524 жылы) қазақ саны мың-мың (миллион) болатын. Қырық төртінші жылы (944 (1537) сонша халыктан бұл жерде еш белгі қалмаған» [14,306-307 66.].

«Тарих-и Рашидидегі» осы келтірілген мәліметтердің шынайылығына көңіл қойып көрелік.

Біріншіден, Мұхаммед Хайдар Дулати «отызыншы жылдар» мен «кырық төртінші жылды» нақты атап, қазіргі тарихнамада «уақытша әлсіреу» кезеңі деп аталатын кезеңнің басталуы мен аяқталуын көрсетіп отыр. Қазақ хандығының әлсіреуінің басты себебі – билеуші әулет өкілдері арасында бірліктің болмай, тақ үшін күрестердің күшеюі болатын. Дулати мұны нақты атап айтып отыр. Мамаш ханның осындай күрестің құрбаны болғандығын да ол баяндап береді.

Екіншіден, казақ халқынын тарихи санасында әр кезеңдердегі аса ауыр жылдар белгілі бір атаулармен, сөз тіркестерімен сақталынып қалып отырғаны белгілі. Мысалы, XVIII ғасырдың 20-шы жылдарындағы ауыр кезең – «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», XX ғасырдың 20-шы жж. соңы мен 30-шы жж. басындағы аштык жылдар «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген сөздермен қалғаны белгілі. Ал XVI ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ халқы үшін қайғылы жылдарды Мұхаммед Хайдар Дулати «тағдырдың қырсығынан соншама халықтан ...ешбір жерде із де қалмапты» және «...сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған» – деп қинала баяндайды.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың мұндай сөз тіркесін жайдан жай қолданбағанын Қадырғали Жалайыр деректері дәлелдейді. Оның мәліметтері бойынша дәл осы жылдары қазақтың хандары мен сұлтандары сыртқы жауларымен соғыстарда көп қаза табады. «Тоғым хан, оның ұлдары «тоғыз сары» деп аталды. Мәлік сұлтанның баласы Башыбек сұлтан тоғыз сарымен бірге Жагат уалаятының жанында шахит болды, (сол ұрыста) әйгілі әрі даңқты отыз жеті сұлтан шейіт болды...» Және де «Жәдік хан. ...Шағым мырзамен соғысып, Жыланды төбеде бір ұлымен бірге шахит болды» [16, 121 6.]. Әдік сұлтанның ұлы Бұйдаш хан осы жылдары Ташкент билеушісі Дервиш ханмен (Сүйініш кожа ханның немересі, Барак ханның ұлы) болған ұрыстардың бірінде 24 қазақ сұлтанымен бірге каза табады [16, 121 б. ]. Жәнібек ханның тағы бір немересі Ахмет хан (кей деректе Қожахмет хан) ноғай мырзасы Сейдақтан жеңіліс тауып 15 сұлтанмен бірге тұтқынға түседі. Көп ұзамай Ахмет ханды Алшағыр бидің ұлы Орак батыр өлтіреді [2, с.275; с.325]. Т.И. Сұлтановтың пікірі бойынша осы кезеңде 60-тан астам қазақ хандары мен сұлтандары сырткы жаулармен болған соғыстарда қаза тапқан екен. [17, 184 б.] Ал біздің есебіміз бойынша Мамаш ханның өлтірілуімен басталған «уакытша әлсіреу» кезеңінде тақ үшін болған күрестер мен жауларға қарсы жүргізілген соғыстарда билеуші әулет өкілдерінен 80 астам хандар, сұлтандар әр түрлі жағдайларда қаза табады. Бұл сан жазба дерек мәліметтері аркылы белгілі болғаны, ал белгісіз болғандары қаншама. Ал қаза болған немесе тұтқынға түскен карапайым халықтың санын ешкім де айта алмас, тек болжаммен қаза тапкан билеуші әулет өкілдерінен бірнеше жүз есе көп болған деуге болады. Міне, осындай ауыр да қиын жылдары Жетісу жеріне моғол хандарының саяси билігі, Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерге шибанилык әулеттің билігі, Қазақстанның батыс бөлігінде ноғай мырзаларының үстемдігі қалыптасады. Осылайша, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік биліктің жойылып, тақ үшін күрестердің өршіп, сыртқы жаулармен болған соғыстарда үнемі жеңіліске ұшырап отырған тұста қазақ халқының жағдайы өте қиын болатын. Дулатидың «...сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған» деуі артық айтылса да, оның астарында осындай тарихи ащы шындык жатқан болатын.

Осылайша, біз Мұхаммед Хайдар Дулатидың Қазақ хандығы тарихының алғашкы кезеңдеріне катысты баяндауларын қарастыра келе, мынадай жалпы қорытындыға келеміз.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиінде» Қазақ хандығының ХV-ХVІ ғғ. тарихы жай тарихи фактілердің жиынтығы түрінде емес, накты бір мәселені ғылыми принциптерді сақтай отыра, арнайы түсіндіруге бағытталған түрде беріледі. Сол себепті де біз Мұхаммед Хайдар Дулатиды Қазақ хандығы тарихының алғашқы кезеңдерін алғаш зерттеген ғалым деп санаймыз.

Түпнұсқа: «VІІ Дулати оқулары» халықаралық-ғылыми практикалық конференциясының материалдары. 20-21 сәуір, 2012 жыл, І бөлім

 

 

«ТАРИХ-И РАШИДИ» ЖӘНЕ АБЖАД ЕСЕБІ

Бекболатов С. Алматы қ.

Есімі әлемге әйгілі ғұлама ғалым Мырза Мұхаммед Хайдардың атақты «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі жөнінде, онда айтылған мәселелер мен көтерген ойлар туралы біз әлі де тереңдеп талдап аша алмай келе жатқанымыз жасырын емес. «Тарих-и Рашиди» тарихи мұра ғана емес, ол көптеген ғылым салаларын бойына жинақтаған тегі бөлек туынды да. Бұл еңбекті окыған әр түрлі ғылым салаларының өкілдері одан өз саласына қатысты өте құнды деректерге ұшырасады, оны басқа еңбектерден және де кезіктіре алмас та едіңіз.

Кітап авторы 1540 жылы Кашмирге екінші рет келіп, дипломатиялык жолмен, ата-бабаларымыздың керемет мәмігерлік саясатын қолданып бір оқ шығармай-ак қадірлі таққа отырғаны мәлім. «Тарих-и Рашидиді» ұлы Дулати міне осы әсем де жердің көркі Кашмирде жазып, өзі тақта отырған кезде, яғни 1546 жылға дейінгі кезеңді сипаттап көрсетеді. Ал жалпы бұл еңбегінде тарихшы ХІVVІ ғасырлардағы қазіргі Орталық Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістанның, Қырғызстанның, Ауғанстанның, Үндістанның оның ішінде Кашмирдің тарихын қамти отырып, өз ғұмырының кезеңдерін оқиға барысын баяндау үстінде ашып береді. Автор екі ғасырдан астам кезеңді қамтиды, бұл өте күрделі уақыт еді.

Жарты әлемге билік жүргізген Алтын Орда мемлекеті ыдырай, ұсак-ұсак хандыққа бөлініп, Еке Моғол ұлысы біржола тарих сахнасынан ысырылды. Шағатай ұлысы да Мауаранаһр және Моғолстанға бөлінді. Тарихтан белгілі Моғолстан жерінде алғаш рет Қазақ хандығы кұрылды. Моғолстан моғолдар мекені, Дулатидің ата-бабалары билік құрған мемлекет. Бұл жерде дулаттар билік тізгінін қолдарында ұстады. Әмір Темірдің өзі осы Моғолстанды біржола тыныштандырып, өзіне қарату үшін Шамсадин, Камараддинге қарсы бес рет жорықка шыққан екен. Камараддин бәрі бір жауына ұстатпай ізін жасырып кетеді. Бұлардың бәрі Дулатидің бабалары болатын. Ата-бабалары Моғолстан жерінде билік кұрған Мұхаммед Хайдардың өскен-өнген ортасы тарихта аты да, заты да қалған тұлғалар болатын. Ал туған нағашы атасы Моғолстанның ханы болды. Ол жетпіс екі жыл ғұмыр кешкен көптеген кітаптар жазып қалдырған, бүгінде зираты Ташкенттегі Төле бидің кесенесінің батыс жағында жатқан Жүніс хан болатын. Жүніс ханның інісі Есенбұға хан болып тұрған кезде Қазақ ордасын құрған Жәнібек хан мен Керей ханға Шу алқабынан қоныс берді. Мұның бәрі төл тарихымызға тікелей қатысты аса мәнді оқиғалар. Қазақ деген сөзді Мұхаммед Хайдар дүние жүзіне «Тарих-и Рашиди» арқылы паш етті. Қазақ деген сөзді шет елге таныстырған да Дулати болды. Сондықтан да мен бұл сөздің жіктелуін (расшифровкасына) алда токталамын. Қазақ халкы «Тарих-и Рашидиді» 1895 жылы ағылшын тіліне аударып, жариялаған Е.Д.Россқа алғыс айтуға тиіс. Оның бұл аудармасы кейін 1898, 1972, одан кейінгі жылдарда да Ұлыбританияда, Үндістанда бірнеше рет басылым көрді.

Ағылшын тілі дүние жүзіндегі ең ұлы тіл, Үнді елінің ресми тілі де ағылшын тілі болып келе жатқан жок па? Одан кейін, орыс, қытай, түрік, қазақ, ұйғыр, жапон тілдеріне аударылып басылыпты. Қарап отырсақ әр ел өз тараптарынан, өз инициативасы бастамасымен аударып отырған. «Тарих-и Рашидидің» дүниенің ең ұлы тілдерінің бәріне тегіс аударылуы бұл еңбекке деген зор құрмет, оның ғылыми, әдеби маңызына деген ерекше ілтипат десе де болады. Бағасыз, кұнсыз нәрсенің ешкімге де қажеті жоқ, ал асыл қай ғасырда да тот шалмай жарқыраған, саф қалпын сақтап калады. «Тарих-и Рашиди» шын мәнінде саф алтын, нағыз адамзат мәдениетінің асыл мұрасы. Оның әлем тілдеріне аударылуы бұл мұраның дүние жүзілік асыл мұраға айналғанын айқын көрсетеді. Қазак әрісі түркі халықтарынан шыққан бірде бір ойшылдың мұрасы дәл «Тарих-и Рашиди» сияқты ең ұлы тілдерге аударылып, ұлы халықтардың рухани мұрасына айнала алған жоқ. Әлемнің ұлы ойшылдарын өзінің еңбегі аркылы тәнті еткен ғұламаның біз сөз еткелі отырған ерекше бір қырына арнайы тоқталмақпыз. Бұл бір кездері ата-бабамыз Ер Түрік ойлап тапқан Көне түркі (Орхон - Енесей) жазуын тарихи кездердің қатпарында қалдырып ұмытып, жатсынып қалып, кейін кайта ашқанымыз сияқты, Адам Атадан бастап қолданған АБЖАД есебін де кейін оның мәнін ұмытып, сырынан бейхабар, беймағлұм қалып, ұмытқан жағдайымыз бар. АБЖАД есебі Тәңірдің адамзат баласына берген ғажайып сыйы десе де болады. Ал оны бүгінде араб әлемінен шыққан оқымыстылар да, бірен-сараны болмаса, біліп, өмірде қолдана білмейді. Бұл кемсіту емес, кемшілікті айту, асылдан ажырау еді.

АБЖАД дегеніміз не нәрсе, оның Мұхаммед Хайдарға қандай катысы бар? Өздеріңізге мәлім «цифр әлемді билейді» деген қанатты сөз бар. Барлық нәрсе есепке, санға келіп тіреледі. Әлемде санға қатыссыз ешәрсе жоқ, тіпті қозғалыс та жоқ деуге болар. Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрінің де анықталған атомдык салмағы бар. Дәл сол сияқты араб әліпбиінің де әр әрпінің цифрлық мәні бар. Арап әліпбиінде 28 әріп бар, оның әрқайсысының өзіне тән сандық мәні бар: Алиф-тің - А - әрпінің сандық мәні 1. Араб әріптерінің түсінікті болу үшін сандық мәндерін келтіре кетейік: Б - 2, Ж - 3, Д - 4, һ - 5, У - 6, 3 - 7, X - 8, Т - 9, И - 10; К - 20, Л - 30, М - 40, Н -50; С - 60, Ғ - 70, Ф - 80, С - 90; Қ - 100, Р - 200, Ш - 300, Т - 400, С - 500, X - 600, 3 - 700, Д - 800; 3 - 900; Ғ - 1000 (мұнда мәселен С әрпі үшеу, үш түрлі дыбысталады, цифрлары қайталанатын әріптерде дәл осылай, бұл араб әріптерінің сандық мәні).

Араб әрпінің барлығы 29 әріп, бірінші әріп пен соңғы әріптің қосындысы бір әріп болып есептеледі. Сонда барлығы 28 әріп болып шығады. Ал Айдың нөлдік нүктеден бастап, орнына келгенге дейінгі уақыты 29 тәулікті кұрайды екен. Расында 28 әріптің болуының өзі Айдың бетіндегі тілімдердің (фазалардың) 28 санға тең болуымен бірдей келіп отырады. Кездейсоқтық сияқты, бірақ бұл зандылық. Мұның сырын ядролык физиканың жетістіктерімен түсіндіруге болады. Уран-235 әрбір секунд сайын 28 нуклонды аспанға атқылап отырады. Күн мен Түннің алмасып отыруы альфа бөлшектер нәтижесінде жүреді екен. Құранға үңілейікші: «таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар: аса үстем, толық билеуші Алланың өлшеуі», делінген. (6-сүре, 96-аят). Альфа-бөлшек екі протон (жарығы бар) мен екі нейтрон (жарығы жок). Айдың фазалары мұнымен тікелей байланысты. Мұны әзір зерттеген ғалым жоқ. Бұл нұр шашып тұрған Алланың элементі. Құранның әрбір аяты, әрпі - нұр. Араб әліпбиіндегі 28 әріп, айдың 14 күнде толып, 14 күнде солуымен, яғни 28 күнмен, яғни 28 санымен тікелей байланысты. Қазақ календарындағы әрбір айдың 28 күн болып белгіленуі (наурыз 29 күн) осы заңдылық негізіне келіп тіреледі. Әріп санының (28), Айдың көріну санының (28), Альфа-бөлшектің секунд сайын 28 нуклонды бөліп отыруы ксздейсоқтық деуге келмейді, мұнда Жаратушының заңдылығы жатыр. Табиғи элементтің саны - 92, калғаны жасанды элементтер. Мұхаммед пайғамбардың (араб тілінде төрт әріп кана) сандық мәні де 92 екен. Бұл сан Алланың жер бетіне жіберген соңғы пайғамбар екенінің де дәлелі болады.

Осы АБЖАД санының сыры арқылы Құранда мұның сыры беймәлім деген нәрселерді ашуға болатынын, біз соған ұмтылыс жасағанымызды айтқым келеді. Ал Құран бүкіл ғылым салалары тоғысатынын, сол тоғыста талай жаңалықтардың заңдылықтары ашылатын Қасиетті кітап қой. Ғалымдар Киелі кітапты ысырып қойып, біржақтылыққа ұрынып келе жатқанына үнсіз қалуға болмас.

АБЖАД сандары ежелден Адам атамен бірге келе жаткан дүние. Оның саны араб әрпінің 28 санына нақты бекітілген, бірак араб әріптері 29 деп айтылады, оның себебі бастапқы «Аліф» әрпі мен соңғы «Ләм» әріптерінің қосылып Аліф Ләм әрпі болып аталуына байланысты.

Құрандағы 2-ші Бақара сүресінде «Ұғымын Алла біледі» деген сөзбен басталған жеке әріптер Аліф Ләм Мим, сол сияқты басқа да жеке әріптер сандарын есептегенде - 29-ға тең болады. Сол сияқты Айдың алғашқы жаңасынан келесі жаңасына дейін 29 тәулікке тең. Құранда «Қол жету, мақсатына ұласу» деген сөз - 29 жерде бар. Мұның бәрі әрине кездейсоқ емес, заңдылық екенін түсіндім. Құрандағы жеке әріптер Құран аяттарымен анықталады. 13-сүренің 1-аятында: «Ұғымын Алла біледі. Бұлар Құран аяттары (Мұхаммед с.ғ.с.) саған Раббың таранынан түсірілген хакиқат. Бірак адамдардың көбі сенбейді»,делінген. Ал 20-сүренің 114-аятында: «(Мұхаммед с.ғ.с.) саған етілген уақыт бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: Раббым, білімімді арттыр», дейді. Әр нәрсенің мезгілі, уақыты болады.

Ал жалпы сандық мән кайдан шыққан деген сұрақ тумай ма? Ол сандық мән кайдан алынған, оған жауап беретін адамды бүгінде табу киын, себебі бүгінгі күні онымен айналысып жүрген ғалымдар жоқтың қасы. Соның салдарынан анығын айтқанда Алланың сөзі - Құран Кәрімді біз, дүние жүзі ғалымдары ғылыми тұрғыдан зерттей алмай келеміз. Ал Құран 114 сүреден, орташа 6236 аяттан, 77439 сөзден түрады. Бәрі цифр, сан. Бұл жай нәрсе емес, мұнда құпия, ашылмай тұрған сыр бар, ал оны теология ғылымымен айналысып жүргендер де аша алмайды, себебі оның заңдылығын білмейді, АБЖАД есебін игермеген. Ал ғалымдар ілімнің, ғылымның кілті Құранда тұрғанына мән бермейді, әңгіме осында. АБЖАД есебі дәл бүгінде ядролык физика, генетика және т.б. ғылым салалары жетістіктерін қолданған жағдайда ғана көп нәрсені ашуға себеп болады. Бұл өте кең аукымды әңгіме болғандықтан біз қыскартып қана айтуға мәжбүрміз. Орта ғасыр ойшылдары АБЖАД есебін білді, соның ішінде М.Х.Дулати де бұл есептің құпия сырын игерген. Ол Нақшбанд жолын ұстанды, Иассаудің тарихатымен жүрді, Құран Кәрімді жатқа біліп, оның кез келген сүресін еркін игеріп окыды. Ол нағыз Хафиз болды. «Тарих-и Рашидиде» Дулати 100-ден аса Құран Кәрімнің сүрелерін оқиғаға орай келтіріп, айтар ойын күшейте, нақтылай түседі. Демек ол Құран Кәрімнен аяттарды жайдан жай келтіріп отырмағанын оны тереңірек дайындығы бар окыған адам ғана түсіне алады.

Қазақстанда АБЖАД-ты белгілі ғалым Ақжан Машанов кана өз еңбектерінде қолданған. Оның «Әл Фараби» (1970), «Табу», (1988) «Әл-Фараби және Абай» (1993) атты еңбектерінде АБЖАД-қа қатысты жақсы ойлар айтылады, бірақ ол кісі де мұны тереңірек зерттеп, сырын аша түсуді максат еткен сияқты, Құранды жақсы білетін ағамыз көп нәрсенің сырын ашып кетуде үлкен үлесін қосқан ғалым.

«Тарих-и Рашидиде» Дулати 20 жуық АБЖАД есебін-хронограмманы келтіреді. Негізінен «Тарих-и Рашидиде» АБЖАД белгілі бір тарихи окиғаны, болмаса белгілі бір датаны, мерзімді, күнді белгілеуде колданылған. АБЖАД-ты ғұламалар, оқымыстылар қолданған, Дулатидің өзі де оны кұрастырып белгілеген. 81 а бетте Рашид сұлтан хан тағына отыра салысымен Мұхаммед Хайдардың немере ағасы ұлысбегі Сейіт Мүхаммедті бауыры Әлі Саиидты қоса арандатумен өлтіреді. Бұл касіретті оқиға «Каталафил-Мухаррам» - «Мүхаррам айында екеуі өлтірілді» деген сөзбен белгіленді. Оның сандық мәні абжад есебі 1533 ж. 1 тамызы болады. Болмаса 87а бетте Мұхаммед Хайдардың туған мерзімін мына сөздермен белгіленіпті: «Шаһ-и шарк» («Шығыс патшасы») оның Абжадтық есебі 1499-1500 жыл болып шығады, яғни сандық мәні осылай келтіріледі.

98 б. бетте Бабырдың туған күнінің АБЖАД есебін білдіретін «Шаш-и мухаррам» («Алтыншы мухаррам») сөзін ойлап тапқаны айтылады. Оның сандық мәні 1483 ж. 14 ақпаны болып шығады. Дулати АБЖАД есебін тарихи окиғаны баяндау барысында белгілі оқиғаны есте сақтап қалу мақсатында, яғни ұмыт қалмас үшін саналы түрде қолданып отырады. Мұның өзі ғалымның баяндау тәсілін де аңдатады, сонымен қатар бұл бізге келіп жеткен қазақ авторының бұл деректері тарихи жадтың беріктігін де, дәстүрдің өлместігін де көрсетеді. АБЖАД-пен белгіленген ата мұра дәстүрі Дулати еңбегінде ғана сақталынып бізге жетіпті. Ал біз оны сабақтастыра отырып, тіршілігімізге ең алдымен ғылыми-зерттеуімізге қолданамыз. Ал оның бізге беретін сыйы мол да берекелі, тіпті адамды таң-тамаша, қайран қалдыратынына не дерсіз. Тап солай! Дулати колданып отырған АБЖАД Құранның кілті сияқты, оның сырын ашуға мүмкіндік береді. Ал Құран 18 мың ғаламның сырын бойында сактаған Қасиетті кітап. Ал оны осы АБЖАД есебі арқылы аша аласыз, сонан кейін барып қана ғылымның көзіне кезігесіз, яғни материалдық дүниеге жолығасыз. Қазіргі инновация деп жүрген жетістігіңізге сіз төте жолмен келіп жетесіз. Абайша айтқанда «дүние де өзі, мал да өзі» деген мәселені Құран сырына АБЖАД-ты қолдана отырып жетуге болатынын түсінесіз. Бұл аса зор ілім, өзінің дамытушыларын күтіп отырған сала. Әлемдегі қолданып келе жаткан бүкіл календарлардың бәрінің де қате екенін дәлелдеп, терістеп, Мәңгілік қазақ календарын жасап төрт жыл бойы арпалысып, жүріп патент алуыма негізгі тірек болған де осы ілім еді. Сондықтан мен бұған аса зор мән-мағына беремін. Ғылымдағы ең басты жаңалық осыңда жатыр. Нау-хау осында тұр, инновацияңыз да тап осы жерде.

Бүкіл елді көтерер қазына да осы бір ілімде ғана десем артык болмас.

Түпнұсқа: «VІІ Дулати оқулары» халықаралық-ғылыми практикалық конференциясының материалдары.

20-21 сәуір, 2012 жыл, І бөлім

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ АТАСЫ

Мұхтар Қазыбек,

М.Х. Дулати қоғамдық қорының директоры,

дулатитанушы, жазушы

Қазақ хандығының шаңырақ көтеруі, бір күндік немесе бір жылдық оқиға ретінде алып қарастыратын тарихи акті емес, сондықтан да зерттеушілер мұны процесс ретінде зерттеп, жаңа хандықтың құрылуының басы мен қалыптасу кезеңін көрсетуге, дәлірек ашып беруге тырысуы − обьективті мәселе.

С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтанов Қазақ хандығының құрылуына байланысты пікірлерін: «Оның құрылу тарихы Орыс ханның ұрпақтарының – бас имейтін сұлтандарының бастауымен Моғолстан шегіндегі Өзбек ұлысының халқының бір бөлігінің 1458 және 1462 жылдар аралығында көтеріле көшіп кетуімен және 1468 жылы Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін «көшпелі өзбек» деп аталынатын мемлекеттің ыдырауымен байланысты»,− деп жазды.

М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты атақты классикалық еңбегінен біз көптеген жайттарға қанығамыз, сұрақтарға жауап таба аламыз. Ең алдымен Қазақ хандығының құрылуы туралы ең құнды дерек-мәліметті алғаш рет хатқа түсіріп, таңбалап, кейінгі ұрпақ мезгілін, мерзімін шатастырып жүрмесін деп жазып кеткен ғұлама бабамыз М.Х. Дулати болатын. Бұл деректі жазып кетпесе, ауыз әдебиетінен, жыраулар мен ақындар жырларынан мұндай мәлімет неге екені белгісіз сақталынып қалмаған.

Кашмирде билік етіп отырса да ата қонысындағы дүрбелеңге, алыс-жұлыс, айқасқа, арпалысқа толы өткен тарихи оқиғаны назарында ұстап, ыждағатты, иманға толы таза жүрекпен хатқа түсіріп кеткенін – болашақ ұрпақтың мүддесі үшін істелінген азаматтық борыш өтеуі деп ұғу керек. Дулати Қазақ хандығы ірге көтерген жылды, қазақ сұлтандарының толық билік жүргізген кезеңді ұрпақ білуге, көз жазып, шатасып қалмауға тиістігін барынша терең сезініп, түсінген, барынша терең ұғынғандықтан да бұл дүниежүзілік тарихи маңызы бар оқиғаға бейтарап қарай алмаған. Өйткені, моғолдардың өзін қазақ деп түсінген, себебі Моғолстанды құрап отырған тайпалар мен рулар, Қазақ хандығын да құрап негіздеген тайпалар мен рулар еді, олар бір атаның балалары болатын. Әңгіме мемлекеттің атының бөлектігінде ғана болатын, ал бірақ халқының құрамы бір еді, біз бұл факторға аса мән беруге тиіспіз. Захираддин Бабыр құрған Үндістандағы Ұлы Моғол империясының (1526 жылы) да аты бөлек болғанымен, заты – халқының құрамы Қазақ хандығымен бір тектеседі. Бұл мемлекеттерді біз Қазақ халқының азаматтық тарихымен байланыстырып, сабақтастырып қарауымыз қажет, біз оны жатсынбауымыз керек, өйткені бұлар этникалық құрамы, ділі, діні, тілі бір мемлекеттік құрылымдар.

Бір тарихи оқиғаға көзқарас та бірдей бола бермейтіні, әр зерттеуші әр түрлі пайымға келіп тіреліп отыратыны мәлім.

Қазақ хандығы ордасының құрылуы тарих ғылымының ең өзекті де, өткір де ділгір мәселелерінің бірі болып табылатындықтан, бұл мәселеде ең алдымен тарихи деректерге, нұсқаларға иек арту қажет. Бізге жеткен мұсылман тарихшыларының еңбектерінің ішінде ең сенімді тарихи дерек көзі – М.Х. Дулатидың «Тарих-и Рашидиі» («Хақ жолындағылар тарихы») атты дүние жүзі ғалымдарына мәлім классикалық еңбегі осы мәселеге дереккөз бола алады.   Бұл күні бүгінге дейін Қазақ ордасының құрылуына арнайы тоқталған аса маңызды мәдени жәдігер болып саналады. Көптеген тарихшылардың таласты, екі ұшты пайымдауларының дәйексіздігін – «Тарих-и Рашиди» бұлтарыссыз дәлелдей алады.

Керей мен Жәнібек Есенбұға хан билік етіп отырған Моғолстан жеріне емін-еркін көшіп келуінің астарында не жатқандығы айқын. Қазақ хандығы ордасы билік жүргізген жылдарды Дулати нақты білген. Қазақ ордасы тарихын ол үнемі назарында ұстап, бақылап әрі ара-қатынасты да үзбей отырған. Сондықтан да «Тарих-и Рашидидегі» деректер сенімді әрі күмән туғызбайды. Ал деректің өзін талқылау тарихшының дүниетанымы мен көзқарасына, қалам қауһарына да, ұстанған позициясына да байланысты болмақ. М.Х.Дулати былай деп жазды: «Сол күндерде Әбілқайыр ханның бүкіл Дешті Қыпшаққа билігі жүріп тұрған еді. Ол Жошы әулеті сұлтандарына шабуыл жасады, оның қысымынан Жәнібек хан мен Керей хан қашып, Моғолстанға келген болатын. Есенбұға хан оларды үлкен қошеметпен қабылдап, бұларға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алабындағы Қозыбасы деген жерді берді. Олар бұл жерде абырой мен атаққа ие болды. Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін, өзбек ұлысы бір-бірімен қырқысып, араларында үлкен араздық туды. [Содан] жұрттың көпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның жанына кетіп қалды. Олардың саны екі жүз мың адамнан асатын, оларды өзбек-қазақ деп атай бастады. Қазақ мемлекеті сұлтандарының билік жүргізуінің басы 870 (1465-1466) жылдан басталады <Алла жақсы біледі>. 940 (1533-1534) жылға дейін қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне өз биліктерін толық жүргізген еді». Дулати келтірілген дерек, айғақ осы, тарихи оқиғаның болған жылын да нақты көрсетіп берген. Жоғарыда біз келтірген тарихшылардың мәліметтеріне қосымша мына жайтты да баса айтып кеткен жөн. Жәнібек хан мен Керей ханның Моғолстанға кетіп қалуының себебі Жошы ұрпақтары жорық жасауына байланысты болған еді дейді тарихшы. Дулатидың «Моғолстанға кетіп қалған еді» деп жазуына қарағанда Өзбек ұлысынан түп көтеріле көшу, әрине 1465 жылдан бұрынырақ болып отыр, ол 1456-1457-1465-1466 жылдарға дейінгі аралық болып табылады. Дулати Керей мен Жәнібектің бөлініп, көшіп кеткен жылын дәл көрсетпесе де, оны оқиғаны баяндауынан толық аңғара аласыз. Үдере көшіп кету мерзімінің сол 1456-1457 жылдар шамасында болғанын аңдайсыз. Ал «аброй мен атаққа ие болған жылдар» бірнеше жылға созылып Қазақ ордасының шаңырағы берік бола түсті. Содан қазақ сұлтандары Қазақ ордасында билік ете отырып, Өзбекстанның көп бөлігіне толық әмірлігін, билігін жүргізді, бұл 870 (1465-1466) жыл болып есептеледі. Сонымен Қазақ ордасының саяси құрылым ретінде өмірге келіп, толық билік жүргізуі 1465 жыл болып саналуға тиіс. Бұл ұлы тарихшы М.Х. Дулатидың бізге қалдырып кеткен ең құнды деректерінің бірі ретінде бағалануы керек.

Қазақ ордасының негізін қалаған Жәнібек ханды, аса құрмет тұтып халық кейін әз Жәнібек деп атап, аңыздарда, әпсаналарда солай баяндалып кетті. Елі кейін халқының қамын ойлап түн ұйқысын қашырған ханына әз деген құрметті ат қосып, әз Жәнібек деп ардақтады. Атақты қараүзген шипагер өтейбойдақтың «Шипагерлік баянын» жазуға тапсырма берген де осы әз Жәнібек хан. Атақты уайымшыл, дала философы Асан қайғы да осы Жәнібектің жанынан кеңесшісі, ақылшысы ретінде табылып отырды.

Дулати Қазақ ордасын, яғни Қазақ хандығын құрған әз Жәнібек пен Керейден кейін Бұрындық хан болғанын, одан кейін әз Жәнібектің ұлы Қасым хан басқарғанын, ол Дешті Қыпшақты толық билегенін, әскерінің санын мың-мыңдаған адам еді, Жошыдан кейін одан ұлы хан болған емес еді деп атап көрсетіп баға береді. Қасым ханнан соң оның ұлы Мамаш, одан кейін немересі Таһирдің хан болғанын, ол кезде қазақтардың азайып кеткенін, одан соң оның бауыры Бұйдаш хан болған кезде қазақтар 20 000 болып қалғанын, оның 1533-1534 жылдары қайтыс болғанын баяндап өтеді де Моғолстан мен қазақтардың ара қатынасына тоқталып, Рашид сұлтан таққа отырғанға дейін екі ел арасында татулық пен достық орнағанын, бейбіт қарым-қатынас жасалып келгенін, 1533 жылдан кейін, Рашид хан болған соң бұл қатынасты үзіп, Рашид хан бұзғанына арнайы тоқталып өтеді. Моғолстан мен Қазақ хандығы арасындағы ежелден келе жатқан достық қарым-қатынастың бұзылуы Моғолстан үшін үлкен қателікке ұрыну екенін тарих көрсетіп берді. Өйткені, Рашид сұлтан әкесі Саид ханның орнына хан болғаннан кейін ежелгі ата дәстүрін, салтты аяқ асты етіп таптады, жосықсыздыққа ұрынды.

Моғолстанда шаңырақ көтерген Қазақ хандығы ұлттық мемлекеттік құрылым болды. Ал Қазақ халқының ұлт болып ұйысуында тікелей тарихи рөлді әз Жәнібек хан мен Керей хан атқарды. Сол кезеңдегі қазақ жұртының ұлттық мемлекет құруы дәл осы Моғолстанның батыс жағында болған тарихи әрі саяси мәні зор оқиға болды. Есенбұға хан ең алдымен еліне бауырлас, ағайын-туыс, тайпалас халықты құрметпен қарсы алуында үлкен мән-мағына жатыр. Біріншіден елінің батыс шекарасын нығайтуға бұл жұрт саяси одақ үшін де қажет еді, оның үстіне шығыс тараптан да оқтын-оқтын жорық жасап, елді шауып кетіп отырған күшейіп келе жатқан қалмақтарға да қарсы тұруға одақтас күш болар деп ойлады.

Қазақ ордасының құрылуына байланысты екінші бір тарихшы ғалым К.А.Пищулина: «Қазақ хандығының бастауы, оның құрылуының себептері – Жәнібек пен Керейдің түп көтеріле көшіп кетуінде ғана емес, қайта ортағасырлық Қазақстан халқының шаруашылық, әлеуметтік-саяси даму барысымен, сонымен қатар қазақтардың этникалық тарихымен тығыз байланысты»,− деп жазды.

Ғалымның атап көрсетіп отырған себептері негізсіз де емес еді, ежелден еркіндік аңсаған, бас бостандығы мен тәуелсіздігін басты мұрат-мақсат тұтқан ел өз сағатының соғар сәтін де күтіп жүрді, ең алдымен олар саяси тәуелсіздікке ұмтылды. Кез келген мемлекеттің құрылуы – бұл ең алдымен саяси тәуелсіздік алуы болып табылады. Әз Жәнібек хан мен Керей хан саяси тәуелсіздікке ұмтылмаған болса, онда Қазақ хандығы да саяси құрылым − мемлекет ретінде орнап, орнықпасы да мәлім еді. Олардың бұл саяси күресі белгілі бір дәрежеде тарихи жағдайға байланысты қантөгіссіз өтті, оңтайлы сәтті өз мүдделеріне қарай шебер пайдалана білу жағдайында жүзеге асты, яғни іргелерін бөліп, түп көтеріле көшіп кету жолымен Қазақ хандығының қара шаңырағын көтерді. Тарихта Қазақ мемлекеті екінші рет 1991 жылы бейбіт, қантөгіссіз жағдайда Елбасының көрегендік саясатының нәтижесінде түбегейлі түрде өз Тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болып құрылып әлем қауымдастығының құрамына кірді.

Осы орайда жазушы, тарихшы әрі ғалым М.Мағауиннің мына сөздерін келтіре кеткенді жөн көрдік.

«Ал Ұлы Ұлыс, яғни Алтын Орда ыдыраған кезде оның ежелгі территориясында қазақ атымен аталатын үш бірдей хандық ту көтереді. Мұның біріншісі – Қазақ Ордасы, қазіргі Қазақстан. Екіншісі – Қазақ хандығы, Капказда, қазіргі Әзірбайжан республикасының Қазақ ауданы, онымен шектес аймақта құрылған, үшіншісі – қазіргі Рязань облысы шегінде бой көтерген Хан – Кермен қазақ ұлысы. Ол 1550 жылдар шамасында құрылған. Бұл біздің тарихшыларға «беймәлім жағдай»,− дейді.

«Тарих-и Рашиди» қазақ тарихының ұлы арнасына жататын мағыналы шығарма болса да, ол әлі күнге дейін қалың бұқараның игілігі бола алмай келеді»,− деп жазды Ә.Марғұлан Дулати туралы зерттеу мақаласында 1941 жылдың өзінде.

«Қазақ тарихының ұлы арнасы» деп аса жоғары бағалаған ғұлама, ол қандай арналар екендігіне тоқталып дәлелдеп береді. Қазақ тарихына қатысты, оның Алтын Орда мен Шағатай ұлысынан бөлініп, жеке мемлекет болып құрылуы. Мұны анықтап алғаш жазған М.Х.Дулати. Сонымен қатар Қасым хан билеген дәуірдегі (1480-1520) қазақтардың қуатты да көркейген мемлекет болғанын келістіре суреттеп баяндайды. Өзбек ұлысы мен Қазақ елінің Алтын Орда дәуірінен қалған жұртшылық мұрасына таласып, қақтығысып, айқасуы. Ә.Марғұлан осы үш ерекшелікті екшеп, елеп атап көрсетті.

Қазақтар өзбектермен жауласқан кезде Моғолстан хандары қазақтармен одақтасып, Шаһибек ханға қарсы соғысты. Мұны «Тарих-и Рашидидың» авторы да әдемі етіп баяндайды. Саид хан Бабыр патшаны қолдап өзбектерге қарсы күрескенде Қасым хан бұларды қолдайды.

Қазақ хандығының құрылуы мен қазақтар туралы «Тарих-и Рашидидың»               І-кітабының «Есенбұға ханға әмірлердің қарсылық көрсеткен күндерінен әңгіме» деген 39-тарауында Жәнібек пен Керей ханның Қазақ хандығын құрғандығы туралы құнды дерек осы тарауда баяндалады.

1-кітаптың «Сұлтан Ахмет ханның ұлы Саид хан жайында әңгіме» атты 67-тарауында Саид ханның Ташкент маңында 5 мың әскермен Сүйіндік Қожа ханның 7 мың әскерімен шайқасып жеңіліп қалғанын, содан Әндіжанға кеткенін, ал Бабыр патша да Бұхараның маңында өзбектердің жеңіліп, Хисарға беттегенін баяндайды.

«Көктем шығысымен Саид хан Қасым ханға кетті». Ол заманда оның әскерінің саны 300 000 (үш жүз мың) болған еді деп атап көрсетеді Дулати.  

«Сұлтан Саид ханның Сүйіндік ханнан жеңілгеннен кейінгі [болған] оқиғалар жайында» деген ІІ кітаптың 32-тарауында Қасым ханға қатысты мәліметтер одан әрі толықтырыла түседі. «Қазақтар және қазақ сұлтандарының тіршілік ерекшеліктері туралы, бұл атаудың оларға берілу себебі хақында және олардың істерінің салдары жайында әңгіме» атты 2-кітаптың 33-тарауында Қасым ханның әскерінің санына қатысты Дулати мың-мыңнан (миллион) еді деп жазады, Керейден кейін оның баласы Бұрындық хан болады. Бірақ, оның беделі, ықпалы болмады. Жүніс ханның төртінші қызы Сұлтан Нигар ханымды Қасым хан некелеп алады (оның Сұлтан Әбусаидқа ұзатады, ол қайтыс болған соң, некелеп алған, сондықтан ол бір жағы Саид ханға жезде болып келеді). Әдік сұлтан, одан кейін Қасым хан, одан соң оның ұлы Мамаш хан болды. Әдік сұлтанның ұлы Таһир хан болған кезде, ол өте қатігез еді, төңірегіндегі 400 000 елі қашып кетіп, өзі қырғыздар арасында қайтыс болды.

1524 жылдары қазақтар миллион болса, 1537 жылы соншама халықтан із де қалмады деп жазады ғалым бабамыз. Дулатидің қазақтардың ізі де қалмады деген пікіріне байланысты В.В.Вельяминов-Зернов та: «Если автор «Тарих-и Рашиди» и пишет..., его казаки около 940 (1533,4) г. исчезли совершенно, то он выразился слишком резко. Его казаки не исчезли, а только на время сошли со сцены»,− деп жазады.

Осыған байланысты кейбір анықтай кетуді қажет ететін жайттар бар, шын мәнінде қазақтар мүлдем жойылып кетті ме әлде мұның өзі басқа мән бере ме, мұны басқа деректер арқылы анықтай түсу қажеттігі туады.

Қадырғали би Қасымұлы Жалайыри: «Жәдік ханның көптеген әйелдері мен күңдері болды, балалары да көп болды. Оның аса әйгілі даңқты ұлдары: Тоғым хан, Бөкей сұлтан, Шығай хан, Мәлік сұлтан. Соңғы екеуінің шешесі Абайқан бегім еді. Тоғым хан, оның ұлдары «тоғыз сары» деп аталады. Мәлік сұлтанның баласы Башыбек сұлтан тоғыз сарымен бірге Жағат уәлаятының шекарасында шаһид болды, сол ұрыста тағы әйгілі әрі даңқты отыз жеті сұлтан қаза болды»,− деп жазады. Қазақ Ордасының тарихындағы бұл ең бір ауыр кезең, ел тағдыры сынға түскен уақыт еді.

«Өзара берік одақ жасасқан, қазақ Ордасын біржолата құртуға ниеттенген өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Әбдірашид, бірі Мәуреннахр жақтан, бірі Шығыс Түркістан жақтан шеру тартып аттанады.

Моғол мен өзбектің қалың қолы Ыстық көлдің шығыс бетіндегі Сан-Таш деген жерде қосылады... Бірақ олардың саны аз болатын.

Тарихтың 944 жылы, 18 сафар, қазіргі есеп бойынша1537 жылы, 27 шілде, жұма күні, төрт халықтың таң азаннан түн қараңғылығына дейін созылған табандасқан, қиян-кескі соғысында қазақ-қырғыз әскері түгелімен қырғынға ұшырайды. Қанды ұрыста қазақ халқының Керей хан мен Жәнібек хан әулетінен таралған барлық жауынгер басшылары – Тоғым хан бастаған отыз жеті сұлтан қаза табады. Бұлардың ішінде Тоғым ханның Тоғыз сары деген атқа жеткен ержүрек тоғыз ұлы түгелімен кетіпті. Ал шейіт болған әскер саны белгісіз, ондаған мың болса керек»,−деп жазады жазушы-зерттеуші М.Мағауин. Шайқас болған жердің атын Қ.Жалайыри Жағат уәлаятының шекарасында болған деп дәл көрсетсе, М.Мағауин шайқас Ыстық көлдің шығыс жағында Сан-Таш деген жерде болған деп жазады. Ал зерттеуші К.Пищулина бұл шайқастың болған жерін Қ.Жалайыри дерегі бойынша Жағат деген жерде болған деп көрсетіп, Сан-Таш жөнінде әңгіме де қозғамайды.

Қ.Жалайыри көрсеткен Жағат деген уәлаят сонда қай жерде орналасқан деген сұрақ туады. Жазушы Әнес Сарай «Ноғайлы» (зерттеу) деген кітабында біз көтеріп отырған мәселеге өз көзқарасын ноғайлыны билеген Мұса би ұрпағы Шейхмамаймен байланыстыра баяндайды. Ол былай деп жазады: «1535 жылы Сейдекке Бұхар ханы Убайдолладан да, Ташкент билеушісі Сүйініш Қожаұлы Барақтан да елші қатынады. Мұның соңы әскери одаққа айналған сыңайлы. Оңтүстіктен Шайбәни ұлдарының қысымына төтеп бере алмаған Тоғым Сібір хандығының шекарасына ұзауға мәжбүр болған. Бәлкім басқару жүйесі нашарлаған хандықты басып алуды көздеуі ғажап емес. Бұған дейін Жағатты Шағатай немесе Жетісу өлкесіндегі бір өңір деп түсініп, Тоғымды күйреткен Моғолстан ханы Әбдірашид делініп келді. Батыс сібір чад (жаад) тайпасының қонысы болғандықтан, бұл тарап Жағат аталды. Демек, Тоғым 37 сұлтанымен осы Жағатта Шейхмамайдан күйреген. Бұл бас көтере алмастай ауыр жеңіліс болды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің : «930 (1523/1524) жылы миллионға жеткен қазақтан 944 (1537/38) жылы ізі де қалмады» деп жазғаны осы кезең шындығына жатады».

Ә.Марғұлан М.Х.Дулатидың «бұл қауымнан жер үстінде еш кісі қалмады» деген сөзіне байланысты: «Мұхаммед Хайдардың бұл сөзі «қазақ қауымы» 1538 жылы тегіс қырылып бітті» деген ұғымды бермеуі керек. Бұл жөнінде академик Бартольдтың жоруы дұрыс болуға тиіс. Ол кісінің айтуында Хайдар 1538 (37) жылы қазақ қауымынан жер үстінде біреуі қалмауы деуі, ол тек бұрынғы Қасым хан жасаған саяси күштің уақытша ыдырағанын айтқандық».

Ә.Сарайдың зерттеу мәліметтеріндегі деректер Дулатидың қазақтардың жер бетінде ізі де қалмады деп жазуының астарын аша түседі деп білеміз. Вельяминов-Зерновтың да қазақтардың жойылып кетуіне қатысты дерекке мән беріп, бұл мүмкін емес қой деп алаңдаушылық білдіруінің де себебін келтірген деректер аша түседі.

Мұхаммед Хайдар еңбегінде Қазақ хандығының құрылуынан бастап өрлеп-өркендеу кезеңін, халқының саны мен әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан күшейген кезеңдерін оқиғаларды баяндау барысында нақтылап көрсетеді. Ғалым Қазақ ордасының билік тізгінін қолына алған хандардың есімдері мен қызметіне қысқаша тоқталып сипаттағанымен, көптеген тарихи кезеңдердің көрінісін ашып беріп кетеді. Әсіресе Жәнібек хан мен Керей ханды ірі саяси, мемлекет қайраткері ретінде әспеттейді, бұлар жас мемлекеттің бастауында тұрса, Қасым хан билікке келген тұста Қазақ ордасы айналасындағы мемлекеткерге танылып, қуатты да іргелі ел деңгейіне көтерілген ел болды, оның қорғаныс қабілеті де артып күшейді, соғыс жүргізу тәсілдері де, әскері де айбарлы бола түсті. Қасым ханның тұсында оның әскерінің саны 300 000 мың адамға жеткен, бұл сол кезең үшін өте қуатты әскери күш болатын. Дулати Қазақ хандығының күшеюін жекелеген тарихи талантты да дарынды, парасатты тұлғалардың еңбегімен тікелей байланыстыра қарайды. Хандықтың өркендеп гүлденуі, халықтың әлеуметтік жағдайының өсуі, шаруашылығының дамуы, ең алдымен, елді басқарып отырған ханға байланысты. Мұны «Тарих-и Рашиди» авторы кейде оқиғаны баяндап суреттеп көрсету арқылы да оқырманға жеткізе біледі.

Қасым ханға байланысты Дулати мәліметтері ерекше қызығушылық тудыратын себебі де, оның сыры да осында жатыр. Қасым хан қазақ тарихында айрықша еңбек сіңірген, халқының болашағын, елінің ертеңін ойлап, сол жолда аянбай тер төге қызмет еткен қайраткер. Сондықтан Саид ханның Қасым ханға арнайы баруының себебін де Мұхаммед Хайдар дәлелдеп өте шеберлікпен суреттейді әрі өзінің сырқаттанып қалуына байланысты Саид ханға сапарлас бола алмағанына баяндау жолдарынан өкініш те сезіліп отырады. Саид ханның Қасым ханмен болған кездесуін өмірінің соңына дейін ерекше ылтипатпен еске алып, ғибрат етіп әңгімелеп отыруы – Қасым ханның ақыл-парасатының биіктігін, оның өте кішіпейілдігін, кісі сыйлай білетін қасиетін, төңірегіне беделді билерді, сұлтандарды, әскербасыларын топтастырып отырған айрықша сипатын да таныта түседі. М.Х.Дулати Қазақ хандығына қатысты мәліметтерді сырттай бақылаушы адам ретінде емес, осы елдің өзі де бір азаматы тұрғысында баяндап сипаттай алған.

Дулати сахара халқының шаруашылық жайын, тіршілігін, қонақ күту дәстүрін, сый-сияпат көрсету салтын, қонақты құдайдай қадірлеу ғұрпын, жайлауға шығу, серуендеп, жылқыларды қызықтау, сұқбат құру және т.б. жоралғыларды жазушы ретінде ретіне қарай жандандыра төндіре суреттеген тұста ерекше сұлу көріністерге тап болғандайсыз. Қазақы салт-дәстүрді, тіршілік қалпын қалам қуатымен түрлендіріп, нәрлендіріп, құлпыртып жіберетіні сондай, ғажап та сұлу суреттерге қанықтырады. Қаламгер қаламынан ой өрнектері төгіліп-төгіліп түскендей, мөп-мөлдір шықтай жалтылдап сәуле шашқандай ерекше әсер сезімге бөлейді. Көркем сөзбен ой пернесін басқандай, небір әуезді, сазды көрініс еліктіріп алып кеткендей күй кештіреді.

Алайда Мұхаммед Хайдар 1533 жылы Моғолстан жерінен мүлде кеткеннен кейінгі кезеңде Қазақ ордасындағы тарихи, саяси жағдайдан хабарсыз болып қалды, онда болып жатқан өзгерістерді, оқиғаларды білмеді деген кейбір алып-қашты пікірдің орынсыз екенін «Тарих-и Рашидиді» зер сала оқыған адам түсінеді. Болмысынан аса зерек, әлемде болып жатқан оқиғалардан хабардар болып отыратын Дулати Қазақ хандығы Ордасының кейінгі тіршілік-тынысын назарынан тыс қалдырмаған деп сенімді түрде айта аламыз. Себебі, Дулати Моғолия мен Қазақ Ордасы, Орталық Азиядағы ірі-ірі уақиғаларды, Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған хандықтардың тарихы туралы толық хабардар болып отырған. Өйткені, Бабыр құрған Ұлы Моғол империясына жан-жақтан ағылып келіп жатқан адамдар да, сауда керуені де мол болатын, бұл қатынас Кашмирде де жалғасып жатты. Оның үстіне бұл гүлдену үстіндегі империяға, Кашмир уәлаятына өнер, білім, ғылым саласының өз заманының озық ойлы кісілері шоғырланған еді. Дулатидың болмыс-бітіміне оқшаулану, томаға-тұйықтық жат еді, дала демократиясы үлгісінде, ақсүйектердің, билеуші, әмірлік жүргізуші әулеттің ортасында тәрбиеленіп өскен ол – ел билеу ісінде әділдікті ұстанды.   Сондықтан да ол барлық тарихи мәселелерге процесс ретінде шынайы түрде қарап, обьективті пікір білдіруге, жазуға күш салды.

Қазақтармен Есенбұға хан, Жүніс хан, Сұлтан Махмұд хан, Ахмет хан, Саид ханнан бері қарай жалғасып келе жатқан достық қарым-қатынас, бауырластық пейілдің тіні үзілмей келген еді, ол өз жалғасын кейінгі хандар билігі тұсында да дамытып, ілгерілетіп отырған болатын. Рашид сұлтан хан болғаннан кейін осы достықтың алтын арқауын бұзды, екі ел арасындағы атадан келе жатқан байланыс бұзылды. Оған тікелей кінәлі Рашид сұлтан деп білді Дулати. Қазақ хандығының 1456 жылдан 1551 жылға дейінгі, өзі қайтыс болған кезге дейінгі тарихын Дулати мейлінше обьективті түрде өз еңбегінде суреттейді. Ал Моғолстанның өзін құрған моғолдар, Шығыс Түркістандағы моғолдар кейін Қазақ хандығының құрамына қосылды, сондықтан тарихтың тұтас желісінде бұлар да түптеп келгенде қазақтар болатын, сол себептен олардың тарихы да Қазақ хандығының тарихынан алшақ емес, соған келіп ұштасады. Бұл тұрғыдан алғанда, жалпы М.Х.Дулати қазақтардың бір ғасырдан астам тарихын түбегейлі түрде өз әдеби-мемуарлық дилогиясында қамтып суреттеген данышпан, майталман суреткер болып табылады, бұған ешкім де дау айта қоймас деп ойлаймыз. Сондықтан да М.Х.Дулатиді Қазақ тарихының атасы деп атау заңды да деп санаймыз.

Дүниежүзі ғалымдары М.Х. Дулати туралы

«Тарих-и Рашидидің» қолжазбасы XVI ғасырдың өзінде кітап көшірушілер тарапынан ең көп көшірілген, ғалымдар мен жазушылар, билеуші топтар арасында ең кең таралған бірден-бір сирек классикалық мұра болып табылады. Бұл еңбекті оқып, танысып қана қоймай, өз еңбектерін жазуға пайдаланған алғаш рет күншығыс ғалымдары болды.

«Тарих-и Рашидиді» күншығыс тарихын, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Тибет, және Үндістан туралы жазған тарихшылар, жазушылар айналып өткен емес, олар қалайда М.Х.Дулатидың классикалық атақты еңбегіне сүйеніп, оны ең мықты дерек, мәлімет ретінде еңбектерінде пайдаланып отырды, мұны ұлы ғалым жөнінде қалам тартқан, зерттеу жүргізген ғалымдардың барлығы да атап өтеді. Сондай авторлардың бірі Амин б. Ахмад Рази «Хафт иклим» (1593-1594 ж.ж. жазылған) еңбегіндегі Шығыс Түркістан жөніндегі мәліметтерді Дулатидан алса; Хайдар б. Али Рази «Тарих-и Хайдари» (1618-1619 ж.ж. жазылған) атты еңбегінде Жаркент, Қашқар билеушілеріне қатысты мәліметтерді Мұхаммед Хайдар еңбегінен келтіріп, пайдаланған; Ал Хайдар Малик «Тарих-и Кашмир» атты еңбегінде; Махмұд б. Вали «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар» (1640-1641 ж. жазылған) атты кітабында «Тарих-и Рашидиді» пайдаланған. Ал Шах Махмұд Шорас (ХVIII ғ.) «Хроника» − «Жылнама» атты еңбегінің бірінші бөлімін Дулатидің кітабына сүйеніп жазған. Мулла Муса б. Мулла Иса Сайрами «Тарих-и Аминийа» атты еңбегінде Мұхаммед Хайдар кітабын пайдаланған (1903 ж. Қазанда басылған). Мұхаммед Қасым Фришта (1552-1624 ж.ж.) Үндістан тарихын жазғанда Қашқарға қатысты мәліметтерді «Тарих-и Рашидиден» келтіреді; Мұхаммед Ағзам «Кашмир тарихы» (1748 ж.) шығармасын жазғанда, Хафиз Таниш «Абдолла намесін» туындатқанда Дулати еңбегіне сүйенеді.

Күншығыс ғалымдарының ішінен Мырза Хайдардың Кашмирді жаулап алғаннан, қайтыс болғанға дейінгі өмірі мен қызметіне байланысты Әбу-л Фазл Әлламидің «Акбар намесінде» бірсыпыра деректер келтірілген. Әбу-л Фазл Әллами 1574 жылы Бабырдың немересі Акбар патшаның қызметіне кіріп, 6 томдық еңбек жазған тарихшы. Ол да негізгі дерек ретінде «Тарих-и Рашидиді» пайдаланған.

Бабырдың қызы Гүлбадан бегімнің «Хумаюн намесінде», Ариф Қандағаридың «Тарих-и Алфиінде», Мұхаммед Қасым Фриштаның «Тарих-и Фриштасында», Хайдар Мәлік Чадаураның «Тарих-и Салатининде», Нораиан Каул Ажиз Кашмиридің «Тарих-и Кашмириінде» Мырза Мұхаммед Хайдарға қатысты деректер келтіріледі.

Сондай-ақ Ходжа Низамуддин Ахмадтың «Табакат-и Акбари», Бадауни Абдур Кадырдың «Мунтахаб ат-таварих» атты еңбегінде ұлы бабамыз жөнінде тоқталған.

Г.М.Суфидің «Кашмир тарихы» (2 томдық, 1995 ж.), Р.К.Пармудің «Кашмирдегі мұсылман билігінің тарихы» (1969), Кашмир университетінің профессоры А.М.Маттоның «Моғолдар билеген Кашмир» атты еңбектерінде де Дулатиға қатысты әр түрлі дерек материалдар қамтылған. Қазіргі кездегі үнді ғалымдары ішінен М.Х.Дулатиді тереңдеп зерттеп жүйелі пікір айтып, еңбек жариялап жүрген қазақ халқының досы профессор Мансура Хайдар.

Үнді тарихшыларының еңбектерінде Дулатиға қатысты деректер мен мәліметтердің шынайы жазылғаны да, ішінара бір жақты мәліметтер де ұшырасады, оған сын көзімен қарау керек. Тарихшылардың барлығы дерлік Дулатидың Кашмир, күншығыс тарихында алар орнының аса зор болғанын мойындап қана қоймай, атақты «Тарих-и Рашидиге» сүйеніп, табан тірейді. Осының өзі Дулатидың өзінен кейінгі ғасырларда дүниеге келген оқымысты, тарихшылардың барлығына дерлік ықпалының зор болғанын байқаймыз. Ғасырлармен тілдесіп, замандармен үндесіп тұрған «Тарих-и Рашидидың» кейінгі толқын зерттеушілер буынының дүние танымы мен тарихи санасына аса зор ықпал ету заңдылығын да аңғарасыз. Дулатидың тарихи орны мен оның атақты «Тарих-и Рашидиінің» батыс Европа ориенталистерінің бағдар шамдай ұстап, стратегиялық мақсаттарына күнделікті пайдаланатын еңбек ретінде қолдануы шынында да Дулати құдіретін, оның талантын жалпақ жұрттың ғана емес, мұхиттардың арғы жағындағы құрлықтарға дейінгі интеллектуалдық кеңістіктегі ықпал-күшін сезінесің. Күншығыс, батыс Европа, Америка елдеріне таралып, әлем халықтарының игілігіне айналған «Тарих-и Рашиди» сөз жоқ адамзаттың ортақ мәдени, әдеби, тарихи қазыналарына барып қосылады, «Тарих-и Рашидидің» дүниежүзілік маңызы осыдан-ақ көрінеді.  

Ал Ш.Уәлиханов Қашқарияға сапарында «Тарих-и Рашидидің» аудармасын қауіпті жағдайға қарамай шекарадан алып өтеді. Оны ұйғыр тіліне аударған Мұхаммед Қашқари мен Мұхаммед Нииаз б. Абдалгафур болатын.

Орыс зиялы қауымына М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашидиін» танытқан жоғарыда тоқталған Ш.Уәлиханов, ол тұңғыш рет Дулати жөнінде «Из Тарих-и Рашиди» («Тарих-и Рашидиден») атты зерттеу мақаласын жазып, Мұхаммед Хайдардың генологиялық кестесін жасап, «Тарих-и Рашидиден» үзінділер аударып «қазірге бұл шығарма Европа жұртына беймәлім», деп атап көрсетті. Шоқанның айтуымен бұл еңбек туралы В.В.Вельяминов-Зернов «Исследование о Касимовских царях и царевичах» деген төрт бөлімнен тұратын зерттеу кітабында «Тарих-и Рашидидің» көптеген тарауларын парсы тілінен алғаш рет орыс тіліне аударып өз зерттеуінде талдау жасады. Сөйтіп алғашқы Дулатитанудың негізін салған Шоқан болса, В.В.Вельяминов-Зернов оны өз зерттеуінде тереңдетіп жалғастырды. Аса құнды да сирек мұраның ғылыми жұртшылық назарына ұсынылуы осылай басталған-ды.

В.Л.Вяткин, Т.И.Сұлтанов, С.Г.Кляшторный, О.Ф.Акимушкин, Б.А.Ахмедов, С.А.Азимджанова, К.А.Пищулина, Н.Мингулов сынды ғалымдар өз зерттеулерінде Дулати еңбегін дерек ретінде пайдаланса, К.А.Пищулина «Тарих-и Рашидидің» біраз тарауларын орыс тіліне аударды.

Дулатитануда қазақстандық ғалымдардың үлкен бір шоғыры соңғы жылдары елеулі еңбектер жазып жариялай бастады. Елімізде Дулатитанудың көшбасында бүгінде Ә.Дербісәлінің тұрғанын, оның қыруар еңбек еткенін айрықша атаған орынды. Бұл орайда Ә.Марғұланның еңбегінің тарихи-танымдық маңызын алабөтен ерекшелеп көрсеткен жөн. Нағыз Дулатитанушы академик Ә.Марғұлан. Бұл топқа Ж.Дәдебаев, С.Мәжитов, Б.Кәрібаев және басқа да ғалымдар, зерттеушілердің жаңа легі келіп қосылуда.

Алайда «Тарих-и Рашиди» орыс тіліне толық түрде өзбекстандық ғалымдар А.Урунбаев, Р.П.Джалилова, Л.М.Епифанова аударып, 1996 жылы басып шығарды. Ал 2003 жылы қазақ тілінде жарық көрген басылым осы А.Урунбаевтың басшылығымен аударылған кітап негізінде аударылды. Өйткені «Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен тікелей аударатын бізде кәсіби аудармашы маман болмады. Бүгінгі таңда Моғолстан тарихы, Орта ғасырдағы Шығыс Түркістан, Тибет, Үндістан туралы жазған ғалымдар сөз жоқ Дулати еңбегін мықты бірегей дерек көзі ретінде пайдаланып отырады.

«Тарих-и Рашидиді» күншығыс, Орталық Азия, Ресей ғалымдарынан кейін өз еңбектеріне, зерттеу жұмыстарына белсенді түрде пайдаланған батыс Европа ғалымдары болды. Соның бірі 1853 жылы дүние салған Г.М.Эллиот еді, ол «Үндістан тарихы авторлардың айтуынша» деген сегіз томдық еңбегі жарық көрген ориенталист. Г.М.Эллиот Кашмир уәлаятына байланысты «Тарих-и Рашидидің» деректерін өз зерттеуіне пайдаланған. Екінші бір Джон Даусон деген профессор Г.Эллиоттың еңбегіне жазған алғы сөзінде «Тарих-и Рашидиге» өте жақсы баға береді.

В.Эрскин Үндістан тарихына арналған кітабында (Лондон, 1854 ж.) Мырза Хайдар еңбегінен мол мәліметтер, моғолдарға қатысты үзінділер келтіреді, ғалымның еңбегіне сілтеме жасайды. Ф.Г.Скраин да өз еңбегінде Дулати мәліметтерін пайдаланып, жүгінген.

Ал Е.Д.Росс «Тарих-и Рашидидың» тарихи құндылығы мен маңызын, оның отаршыл ағылшындар үшін өте қажет мәдени ескерткіш екенін түсініп, толық аудармасын жасады, сөйтіп ол алғаш рет Еуропа оқырмандарына ұлы мұраны ұсынып, шын мәнінде тарихи ерлік жасады. Кітап 1895, 1898 жылдары Лондонда басылып шығып, кейін 1972 жылы Патна, 1986 жылы Делиде қайта басылды. Е.Д.Росстың аудармасына Нэй Элиас алғы сөз бен түсініктеме жазып, үнді тарихшыларының Дулатиға қатысты кейбір пікірлерін сынға алған. Ол сонымен қатар «Тарих-и Рашидиді» «Бабыр намамен» салыстырып қарастырады.

1873 жылы Қашқарға экспедиция құрамында сапарда болған У.Беллью «Шығыс Түркістан тарихы» атты еңбегінде Қашқарияға қатысты деректерді Мұхаммед Хайдардан алады.

Британдық археолог М.А. Штейн өз зерттеулерінде «Тарихи Рашидидің» мәліметтерін молынан пайдаланған. Ол «Ежелгі Хотан» (2 томдық), «Сериндия» (5 томдық), «Ішкі Азия» (4 томдық) және т.б. еңбектер жазған зерттеуші. Оның «Тарих-и Рашидиді» өз зерттеуіне пайдалануы бұл еңбектің маңызын арттыра түсер факті.

Ағылшын зерттеушісі Ч.А.Сторидің еңбегін де атап өткен жөн. Ол парсы тілін жетік білген ғалым, үш бөлімнен тұратын «Парсы әдебиеті. Био-библиографиялық шолу» атты еңбектің авторы. Аталмыш еңбек 1973 жылы Мәскеуде орыс тілінде жарық көрген. Ол да өз еңбегінде мырза Хайдардың қызметіне, «Тарих-и Рашидиге» тоқталады.

М.Х.Дулатидің еңбегін аса жоғары бағалап, құрмет тұтқан ағылшын дәрігері әрі ветеринар Уильям Муркрафтың тарихи еңбегін айтпай кету мүмкін емес. «Шығыс Үндістан компаниясының» инспекторы болып қызмет еткен ол 1822 жылы Кашмир уәлаятында болып, Мұхаммед Хайдардың «Мазар-и салатиндегі» зиратының басына барып, жанында бірге ілесіп жүрген атташесі Мир Саид Изатулла ханға ғұламаның басына мәрмәр құлпытас қоюға әмір етеді. Ол құлпытаста парсы тілінде М.Х.Дулатидың өмірбаянына арналған 18 жолға жазылған жазу бар. Плитаның бетіндегі әдемі етіп тасқа қашалып түсірілген жазу жақсы сақталыныпты, дегенмен қар мен жаңбырдан, күннің ыстығының табынан жазу өшіңкірей бастаған.

Мырза Хайдардың классикалық туындысын дерек көзі ретінде пайдаланған батыс Европа тарихшысы «ІХ және ХІХ ғасыр аралығындағы моңғолдар тарихы» атты 1880 жылы шыққан 3 томдық еңбектің авторы Сэр Генри Хоил Ховарттың еңбегін, сондай-ақ ағылшын тарихшысы Ф.Г.Скраинды атап өткен жөн.

«Тарих-и Рашидиды» 1996 жылы Американдық тарихшы Уилер Такстон парсы тілінен аударып жариялады, соңғы жылдары бұл еңбек қытай тіліне аударылып басылды. Сонымен бірге бауырлас түркі тіліне, 2011 жылы өзбек тіліне аударылып, жарық көрді. Ақынның «Жаһан наме» дастаны да өзбек, ұйғыр тілінде, қазақ тілінде жарық көргенін, ал алғы сөзі мен түсініктемелерін, факсимилесін қоса кітап етіп бастырған профессор Ә.Дербісәлі. Ұлы ғұламаның бұл «Тарих-и Рашиди» атты классикалық еңбегі дүниежүзінің ең ұлы тілдерінің барлығына дерлік аударылып, ғылыми айналымға түсті деп санаймыз.  

Француз зерттеушісі Рене Груссэнің «Дала империясы» («Империя степей», 1939 ж.) атты еңбегінде Мұхаммед Хайдар туралы тоқталған.

Рене Груссэ «Империя степей», «Дала империясы» Аттилла. Чингиз-хан, Тамерлан. Француз тілінен аударған Хамит Хамраев. Бұл еңбек Алматыда 2006 жылы жарық көрген. Р.Груссэ көрнекті француз тарихшысы, ориенталист, Азия тарихына қатысты көптеген кітаптар жазған ғалым. Атилла, Шыңғыс хан, Темірді ұлы варварлар ретінде қарастырады, оларды көшпелі елден шыққан ұлы варварлар, жабайылар деп жазып, көшпелілер XVI ғ. бастап отырықшы халыққа қауіп туғызуын тоқтатты деп көрсетеді. Кітабының Моғолстанға қатысты тарауларын, «Тоғылық Темір Шағатай мемлекетінің тұтастығының қалпына келуі» деген тарауын Денисон Росстың аудармасы негізінде «Тарих-и Рашидидің» Тоғылық Темірді хан көтеру, дулат әмірлерінің рөлі туралы деректерін пайдаланып жазған.

«Әмір Темірдің Моғолстан мен Ұйғырияға жорығы» атты тарауын да «Тарих-и Рашиди» дерегіне сүйене отырып баяндайды.

«Соңғы Тимуридтер», «Шағатайлықтардың Тянь-Шаньның шығысына шегінуі» атты тарауларында Мырза Хайдар еңбегін дерек көзі ретінде қолданған.

Р.Груссэ шығыстанушы ғалым ретінде Мырза Хайдардың өмірі мен қызметіне, Кашмирді жаулап алғанына тоқталды, оған «Қайта өрлеу ханзадасы» деп аса жоғары баға берді.

Мырза Мұхаммед Хайдардың екі томдықты құрайтын еңбектерінің дүние жүзінің барлық ұлы мемлекеттерінің тіліне аударылып жиі жарияланып отыруының өзі ұлы ғұламаның шығармасының, асыл ойларының өміршеңдігін, уақыт шаңына, ғасырлар белесінің астында қалып қоймай адамзат мәдениетінің дамуына ықпал ететін асыл сарқылмас қазына екендігін де айғақтайды.

Дулати бабамыздың еңбегі күншығыс, Орталық Азия, батыс Еуропа, оқымыстылары, ақын-жазушылары, Американдық ғалымдар, шығыстанушылар, тибеттанушылар, үндітанушылар, түркі халқын танушылар үшін ең бір құнды тарихи, философиялық, мәдени мұра болып саналады. «Тарих-и Рашиди» әлем тарихында, кітап басу тарихында сирек кездесетін, әлем халқының ақыл-ой қазынасына қосылған бірегей мәдени ескерткіш.

Мұхаммед Хайдар мырзаның еңбектерін әлемнің көптеген тілдеріне аудартып, насихаттап жатқан расында бір орталық болмаса да бұл туындыны көптеген елдердің зиялы азаматтары өз ерік-қалауы, сүйіспеншілік, гуманистік мүддемен өз халқының игілігіне айналдырып жатқан гуманистік қадамдары оқырманның ерекше сүйіспеншілігін тудырады. Демек Дулати мұрасын зерттеу, насихаттау елімізде де, шет елдерде де дәстүрлі сипатқа ие бола бастады, бұл үдеріске таяу, іргелес елдер, Үндістан, батыс Европа елдері зиялы қауымын кеңінен тарту ісі – өте өзекті бола түсуде. Дулати мұраларын зерттеу ісіне Үндістан ғалымдарының ат салысып, бұл салада елеулі еңбектер жазғанын құптарлықпен бағалаған жөн.

Үндістандық ғалым, парсы, ағылшын, орыс тілдерін жақсы білетін профессор Мансура Хайдардың тынымсыз зерттеу жүргізіп, Мұхаммед Хайдар туралы кітап жазып, ағылшын тілінде Үндістанда жариялауы айтулы оқиға болды. Оның «Мирза Мұхаммед Хайдар Дуглат в персидских источниках» атты зерттеуі орыс тіліне аударылып, Алматыда 2010 жылы жарық көрді. Бұл кітап жазба деректерге сүйеніп жазылған, Мансура Хайдар Дулати туралы үнді, басқа да ел ғалымдарының Кашмирді жаулап алуына қатысты қарама-қайшы тарихи оқиға логикасына сыя бермейтін сын пікірлерінің негізсіздігін дәлелдеп ашып көрсетіп отырады.

Профессор Мансура Хайдар Үндістандағы қазіргі кезде ең белсенді еңбек етіп, тың деректер негізінде айтулы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан шетелдік дулатитанушының бірі.

М.Х.Дулати еңбегінің дүниежүзілік тарихи маңызын ашып көрсету – алдағы зерттеу еңбектерінде тереңірек қамтылады. Біз ұлы ғалым туралы шығыс, Орталық Азия, Батыс Европа, Америка ғалымдарының еңбектеріне қысқаша ғана шолу жасап, бұл жұмыстың ауқымының өте кең екеніне зерттеушілер назарын аудармақ болдық.

М.Х. ДУЛАТИДІҢ «ЖАҺАННАМЕ» ДАСТАНЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІМЕН ҮНДЕСТІГІ

Әбдіханова Ғ.Т. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз

Азаттықтың ақ таңы атып, тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, еліміз еңсесін көтергелі де 20 жылдың жүзі болды. Осындай мерейлі мереке халқымыздың мерейін асырып, арманын ақиқатқа айналдырып, «өшкенін қайта жандырып», талай қуаныш пен табыстарды ала келгеніне бүгінгі жетістіктеріміз дәлел. Бүгінде еліміздің елдігін, ұлтымыздың ұлықтығын көрсетіп, халқымыздың рухын асқақтатып, ұлттык сананы қалыптастыруда жасалып жаткан іс-шаралар ұшан-теңіз. Осындай игі істердің алдыңғы қатарында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тарихтың тереңінде көміліп жатқан жәдігерлерімізбен қайта қауышып, оларды зерттеу, т.б. маңызды шаралардың жасалып жатқандыгы атап айтарлык мәселе.

Орта ғасырдың ұлы ойшылы М.Х. Дулатидің қаламынан туған екі шығарманың бар екендігі тарихтан белгілі. Оның бірі – М.Х.Дулатидің Кашмирде билік құрған жылдары сол кездегі ғылым, білім тілі – парсы тілінде жазылған Орталық Азия халықтарының ХІП-ХVІ ғасырлардағы тарихы, әтнографиясы мен географиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы баяндайтын «Тарихи-Рашиди» атты энциклопедиялық еңбегі болса, екіншісі – оның ақындығын дәлелдейтін «Жаһаннаме» атты дастаны екендігі баршага аян.

Ғалым еңбектерінің әлем кітапханалары мен қолжазба қорларына шашырап кеткендігі сияқты поэма да көпке дейін мәлімсіз болып келді. Оны Берлин кітапханасынан кездейсоқ ұшыратып, оқып, 1937 жылы неміс тілінде ол туралы шағын да болса тұңғыш рет мақала жазған башқұрт ғалымы Ахмет Зәки Уәлиди Тоған (1891-1970) болатын.

«Жаһаннаменің» Берлин нұскасы 1328, Қашғар нұсқасы 1329 бәйіттен тұрады. Арасында қазақ батырлар жырындағыдай карасөз де араласып отырады. Поэманы шартты түрде бірнеше бөлімге бөлуге болады. Алғашқы 110 бәйітті поэманың кіріспесі деуге болады. Оның өзін көтерген такырыбы, айтылар жәйттерге орай бірнеше тараушаларға таратуга болады. Мысалы, 1-14 бәйіттерде ол әуелі мұсылман шығысы әдебиетіндегі қалыптаскан әдеби, мәдени дәстүрге сай Жаратушыны жырға косады;

Мадақ-жиһанды жаратушыға бұрын,

Ешкімнің одан емес ісі жасырын.

Әлем жұртында не болса да,

Оның кұдіреті онда да көрінеді... [1.7]

Енді «Жаһаннаме» дастанының қазақ әдебиетімен үндестігі мәселесіне келетін болсак, кұрылысы жағынан қазақ әдебиетіндегі батырлар жырының өзіне тән ерекшеліктері бар. Ең алдымен, батыр ескі ұғым, наным бойынша «құдайдан тілеп алған» біреудің жалғыз баласы болады. Мұның өзі ғайып ерен, кырық шілтен, Қыдыр тәрізді әулиелермен байланысты болып келеді. Төрт-бес жасында-ак асқан күштің иесі екендігі танылып, өзіне серік әйелі мен аты табылып, жасынан ел қамын, жұрт пайдасын ойлайды. Бұл – батырлар жырына тән ерекшеліктердің бірі. Кейбір батырларға атса оқ өтпейді, шапса қылыш кеспейді, отқа салса, жанбайды, суға салса, батпайды. Мұндай эпизод «Жаһаннаме» дастанында кездеседі.

Ертеде Самин деген калада Шаһсауар атты патша болыпты. Екі жүз жылға таяу ғұмыр кешіп, жеті ықылым елді бағындырған әмірші, төрт құбыласы түгел болып, ұлыс пен уалаят, қазына мен байлықтан кемшілік көрмесе де, бір перзентке зар болыпты. Ұлы жоқтық отына күйіп, қайғы жалынына қақталып, касіреттен қан жұтқан патша мазар-мазараттарды аралап, әулие-әнбиелерге сиына жүріп, бір Алладан перзент сұрап жалынады. Ақыры, патшаның дұға, мінажаты қабыл болып, күндердің күнінде дүниеге ұл келеді. Оған Фирузшаһ деп ат қояды. Шаһзада эпостар мен ертегілердегі сияқты тез өсіп, жас кезінде-ақ бар ғылымды меңгереді.

Сондай-ақ, қазақ эпосында кейіпкер портретін сомдауда, әсіресе, қыз бейнесін суреттеуде алуан түрлі сөз бояулары әсем өрнектеледі. Мысалы, «Ер Тарғын» жырында Акжүніс бейнесін:

Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр!

Қар үстіне кан тамар,

Қанды көр де, бетім көр!

Бет-ажарын қарасаң,

Жазғы түскен сағымдай.

Ет ажарын байкасаң,

Терісінен айырған

Арпа-бидай, ақұндай...

Бұрылып белі бүгілген,

Қараған кісі үңілген... [2. 12] – деп сөзден сұлу мүсін орнатқан.

Ал, «Жаһаннаме» дастанында:

Ерекшеленіп отыр бір перизат,

Жүзі ай, көзі шолпан, бойы шамшат, – дей отырып:

Бәрі сұңғақ бойлы, бәрі алқызыл жүзді,

Бәрі бұйра қара шашты, хош иісті.

Бірақ, жоғары қараса бір сұлу отыр,

Кісі оған жүз рет жан берсе де аз.

Жарқыратып тау үстін наз дидармен,

Сойлейді нәзік үнімен.

Бұларменен үй гүлзар, ол гүл болса,

Бұлар баршасы оған бұлбұл болып.

Бұның алдында күлгін бокал ұстап,

Барлығы оның сұлулығына көз тігіп, – [1. 141] деген суреттеулер аркылы «кісі оған жүз рет жан берсе де аз, пері қыздарының бәрі жиылып гүлзар болса, Назбой – ондағы гүл» секілді екендігіне ә дегеннен-ақ оқырманның назарын аудартады.

Қазақ әдебиетіндегі лиро-әпостық жырларда адамның әртүрлі көңіл-күйін, ішкі жан сырын, азап-толғанысын, күйініш-сүйінішін суреттеу басым. Мысалы, «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің өлер алдындағы алты қазға қоштасып айтқан мына жолдары жан толқытады:

Әуелеп ұшқан алты қаз,

Етің шекер, сорпаң бал.

Атайын десем оғым аз.

Қонар болсаң, жануар,

Міне, майдан, міне саз.

Өлмеген құлға құдая,

Болып қалды енді жаз...

Мен кеткен соң, дариға,

Көкешім деп Сансызбай,

Еркелеп кімге қылар наз.

Әуелеп ұшқан алты қаз,

Жерге неге қонбайсың?

Сіздер тірі, мен өлі

Жатырсың неғып демейсің?

Қасірет-кайғы халімді

Неге келіп білмейсің?

Тілсіз, мақұлық жануар,

Бірге келген жолдасым,

Қасыма неге келмейсің? – [3. 80] деген жолдар лиризмге толы, сүйгеніне косыла алмай, қанды қол карақшының ұрланып келіп, опык жегізіп кеткеніне капыда «қап!» деген өксік-өкініш зары ғашыктық жолында қаза тапқан Төлегеннің өлім сағатындағы жан азабы тебіреніспен өрнектелген.

«Жаһаннаме» дастанында Фирузшаһтың түс көріп, түсінде бір перизатқа ғашық болып, қайғы-мұңға батқанда, ішкі жан тебіренісін досы Фирузрайға жайып салғаны былайша суреттеледі:

Түсімнің оң болуын күтіп, жаныма дерт өтіп кетті,

Тұла бойымды бастан-аяқ тұтты мұң.

Ежелден атың сенің Фирузрай,

Көрейін, маған білдірер екенсің қандай рай!

Деді де айтты бар халін

Барлық көрген, есіткен жағдайын.

Бірақ, ол перизат ғашық жарын

Көре алмай шеккен қайғысын.

Деп айтып бітпей бүккен арманын,

Салар еді өртке мұңлы өз жанын. [1. 15]

М.Х.Дулати өзінің дастанында Шаһсауар мен Фирузшаһ мемлекетінің халқы түркілер мен тәжіктер екендігін білдіру максатында түркілердің құда түсу, қыз ұзату, шашу шашу, қалыңдыққа жасау беру, бақилық болған марқұмды аза тұтып, жоқтау айту, оған ас беру сияқты әдет-ғұрыптарды суреттеген. Мысалы, Фирузшаһтың анасын жоқтағаны:

Бірақ, анасын Фирузшаһ

Әкесімен көрмеген соң етіп аһ!

Деді: «Ой, дариға-ай, ол қамқоршым тек,

Түк көрмеген мұң мен михнатымнан басқа.

Анам мейірбаным, қыблам қайда,

Сұлтан әкеммен көрмедім оны!» [1. 154]

Қазак әдебиетіндегі:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең, – [4. 50]деген Абайдың тармақтары адам баласының туғаннан бастап өмірден өткеніне дейінгі өмірі ән, өлеңмен өтетіндігін меңзесе керек.

Бұл айтылғандардың бәрі – қазақ халық ауыз әдебиеті мен «Жаһаннаме» дастанының кұндылығын дәлелдейтін фактілер. Дастанның қазақ әдебиетімен үндестігі өз алдына жеке зерттеуді кажет етеді. Сондықтан мыңдаған тақырыпқа, сан салаға арқау болып тұрған тарихи жәдігердің құндылыктарын ашып, тереңіне бойлау – келешек ұрпақтың еншісінде.

Әдебиет

1.    М.Х.Дулати. Жаһаннаме. Алматы, «Білім», 2006

2.    Төрт батыр. 2-том. Алматы, «Жазушы», 2003

3.    «Қыз Жібек» жыры. Алматы, «Мектеп», 2003

4.    Құнанбаев А. Қалың елім, қазагым... Алматы, «Атамұра», 2002

УДК 327: 82-311.6

Түпнұсқа: «VІІ Дулати оқулары» халықаралық-ғылыми практикалық конференциясының материалдары.

20-21 сәуір, 2012 жыл, І бөлім

 

 

М. X. ДУЛАТИ ЖӨНІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЕҢБЕКТЕРГЕ ТАРИХИ ШОЛУ

 

Ғ. К. БАТЫРХАНОВ

Қазақстан елі өз тәуелсіздігін алғаннан бері көмулі жатқан казыналарымыздың ашылып, өз халқымен кауышып жатқандығы жасырын емес. Оның үстіне 1997 жылды «Халық бірлігі және ұлттық тарих» жылы деп аталуына байланысты көптеген Қазақ тарихының беттері толықсыған үстіне толықсып жатқаны баршамызға аян. Кешегі Кеңестер Одағының тұсында бүгінгі халықаралық ғылыми конференцияның ұйытқысы болып отырған    М.X. Дулатиді Жоғарғы оқу орнында оқып жүргенімізде атын ғана естігеніміз болмаса бұл кісінің тарихи еңбектері жөніндегі түсінігіміз жоқтың қасы еді.

Иә, заман солай еді ғой.

Міне, бүгінгі күні сол өшкендеріміз жанып, М.X. Дулатиге арналған халықаралық ғылыми конференция Тараз мемлекеттік университетінде қатарынан 2 жыл өтуде. Бұл біз үшін қуанарлық жай. М.X. Дулатидің есімін әлемге әйгілі еткен ең басты шығармасы «Тарих-и Рашиди».

Ғалым бұл еңбегінде өзі болған елдердегі халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-санасын ғылыми тұрғыдан саралап жазып қалдырғаны осы отырған қауымға белгілі. Бұл еңбек, бұл күндері Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің ХV-ХVІ ғасырдағы тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса кұнды, таптырмас дерек көзі болып табылатыны сөзсіз. М.X. Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі қазіргі таңда Америка, Франция, Англия, Германия, Үндістан, Пәкістан, Иран сияқты елдердің жоғарғы оқу орындарында оқытылуы да еңбектің құндылығын көрсетсе керек. Қазақстан тарихшылары «Тарих-и Рашидидің» қазақ тарихына қатысты бөліктеріне көптен бері көңіл бөліп келеді. 1930-шы жылдары Санжар Асфандияров, 42-шы жылдары Вяткин В.Л. өз зерттеулерінде бұл еңбекті кеңінен пайдаланса, 60-шы жылдары шығыстанушы С. Ибрагимовтың басшылығымен МКИХ-ты дүниеге келтіру үлкен істер еді. Осы кітаптағы М.X. Дулатидің қазақ тарихына қатысты бөлімдердің бәрі белгілі тарихшыларымыз Мингулов Н.Н. пен Пищулинаның К.А. аудармасы бойынша жарық көруі Қазақстан тарихшылары үшін үлкен табыс болатын.

Бұл күндері тарихшылардың арасында М.X. Дулатидің еңбектерімен алғашқы айналысқан кім деген сұраулар ара-тұра болса да орын алып қалады.

1996 жылы Өзбекстанның тарихшы ғалымдары М.X. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінің толық нұсқасын жарыкқа шығарғандығы белгілі. Сол еңбектің алғы сөзінде М.X. Дулатидің еңбегімен алғашқы   айналысқан Вильяминов-Зернов В.В. деп жазылған. Өзбекстан ғылымдарының бұл пікіріне тарихшы Өтениязов С. келіспейтіндігін былайша білдіреді. «Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбектерін алғаш рет Ресей ғылымында зерттеп, ғылыми айналымға кіргізген қазақ ғалымы Уәлиханов Ш. еді. «Оның әйгілі ғылыми еңбегі» Очерки Джунгарии» Петербургтегі ЗРГО (Записи Русского Географического Общества) 1861 жылы 1-ші кітабында 184-200 беттерінде басылып шыққан еді. Міне осынау аса құнды басылымның 2-3 беті М.X. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабына арналған болатын. Осы еңбегінде Уәлиханов   Ш.   М.X.   Дулати   жөнінде:   «Сам   автор   принадлежалзнаменитой фамилии Дуглат, предки его под именем улусбековиграли   в   Могул-Улуса   такую   же   роль,   как   мажердоныприМеровингах франков» деп М. Хайдардың хан тұқымына жатпайтын дулат руының адамы болса да әкесінің Моғолстан мемлекетіндешешуші роль атқарған тарихи тұлға екенін көрсетіп, оларды V-VIII ғасырлардағы Францияда шексіз билікке ие болған Мировингедермен   салыстырады.   Уәлиханов   Ш.   «Тарих-и   Рашиди» туралы зерттеулерін 1860 жылы жазған болса Вильяминов-Зернов В.В.1864 жылы жазып жарыққа шығарған» деп, С. Өтениязов екі ғалымның еңбектерінен үзінділер келтіріп, ғылымитұрғыдан дәлелдеп,   Уәлиханов Ш.   «Тарих-и Рашиди» кітабынРесейде алғаш рет, ғылыми айналымға кіргізген ғалым деген

тұжырым жасайды. Қазақ халқының алғашқы тарихшыларының бірі, қоғам қайраткері Тынышпаев М. өз еңбегінде: «Самисторик   МухаммедХайдарпроисходил из   очень влиятельногорода дулат, который вместе с родственными и постоянно проживающими с ними албан, суан, сарыүйсін, шапрашты при МухаммедХайдаре не входили в состав казахов, между тем, как разименно они составляют сейчас главную часть (на 3/4) большойорды» – деп жазуының өзі өзбек ғалымдарының МұхаммедХайдар Дулатиды иеленуіне кереғар әсер етеді ғой деп ойлаймын. Осы пікірді академик Қозыбаев М. Қ. былайша жалғастыра түседі: «Совершенно права Пищулина К.А., когда она утверждает, что «оставаясь в период Могулистана на своейдревнейтерритории, дуглаты составили важнейшую часть Старшего жузаказахской народности в целом». Полагаю, что в период, описываемыйМирзой Мухаммад Хайдар Дуглат   в работе   «Тарих-и Рашиди», дулат по существу был синонимом Старшего жуза».

М.X. Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегін 1541-1546 жылдаршамасында Кашмирде жазылғандығын Өзбек Ғылым академиясының профессоры, тарих ғылыми докторы Урунбаев Л.У., Қазақ ғылым академиясының Уәлиханов Ш. атындағы тарих институтының бөлім меңгерушісі Пищулинаның К.А., Қазақ ұлтық университетінін профессоры, филология ғылымының докторыДербісалиевтың Ә. еңбектеріндегі айғақтар нақтылай түседі.

Біз Мырза Хайдар Дулатиді негізінен тарихшы ғалым ретінде танып бағалап келсек, оның қаламынан «Тарих-и Рашиди» секілді классикалық еңбектен басқа «Жаһан наме» атты поэма да туған дейді профессор Дербісалиев Ә. Осы ғалымның айтуынша «Жаһан наме» 1329 дәйіттен тұрады. Ара-арасында қазақ батырлар жырындағы сияқты қара сөз де араласып отырады. Мұнда әсіресе араб, парсы сөздері жиі ұшырасады.

Дегенмен, М.X. Дулатидің өз тілімізде айтқан, парсыша жазып қалдырған еңбектерінен басқа халықтан гөрі бізге етене жақындығы кітапты оқу барысында ой саптауынан, атау сөзді қолдануынан, кейбір мақал-мәтел келтіруінен айқын сезіледі. Кітапта қазақ атауының шығуын, қазақ хандарының қалыптасуы, сол заманда жойылып кеткен, қирап қалған қазақ қалалары, қазақ халқының негізін қалаған тайпалар: Луглат, арғын, Жалайыр, олардың сол кезеңдегі тыныс-тіршілігі туралы деректер көптеп кездеседі.

Тарихшы ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда «Тарих-и Рашиди» түрік тілдес халықтарға алғашқы ұсынған Садық Қашқари мен Мұхаммед Нияз (XVIII-XIX ғғ.) деп білсек, ағылшын тілінде аударып дүние жүзіне таратқан Росс Е.Д. деп таныдық.

Ендігі жерде Өзбекстан Ғылым академиясы Шығыстану институтының қызметкерлері Орпынбаев А., Жалелов Р.П., Епифановалар Л.М. «Тарих-и Рашидиді» 1996 жылы орыс тілінде жарыққа шығаруы да болашақта Кіндік Азия халықтарының шынайы тарихын жазуға теңдесі жоқ үлес қосатыны даусыз.

Түпнұсқа: Қазақстанның көне және орта ғасырлық тарихының проблемалары, М.Х. Дулатидың шығармаларына арналған ІІ Халықаралық оқуларының материалдары.

18-20 қыркүйек, 1998 ж.