АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

 

АККРЕДИТАЦИЯ – ЖОО-ның толық немесе жеке білім бағдарламалары сапасының алдын-ала жасалынған белгілерге  және стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органының өткізетін бағалау үдерісі.
 

АККРЕДИТТЕУ ТҮРЛЕРІ

Аккредитация құрылымы бойынша бөлінеді:

Институционалдық аккредиттеу – ол ұйымды тұтас аккредиттеуден өткізу (мәселен, университетті, академияларды, институттарды).
Мамандандырылған аккредиттеу  деп кәсіптік білім беру бағдарламаларын (мамандықтардың) аккредиттеуді айтады.

 

Аккредитация аймақтық белгілері бойынша ұлттық және халықаралық аккредиттеу болып бөлінеді:

Ұлттық аккредиттеу - мемлекет шеңберіндегі білім беру ұйымдарын немесе бағдарламаларды аккредиттеу.
Халықаралық аккредиттеуде білім беру ұйымдарын немесе бағдарламаларды аккредиттеу шетелдік агенттікте жүргізіледі.

 

АККРЕДИТТЕУ ҮШІН НЕ КЕРЕК?

Қазақстанда аккредиттеудің қажеттілігі төмендегідей себептермен көрсетіледі:

Тек аккредиттеуден өткен ЖОО мен колледждердің түлектері үшін жоғары және орта кәсіби мекемелердің дипломдарды өзара мойындау сәйкестігінде Еуразиялық экономикалық бірлестігі мен тәуелсіз мемлекеттер одағының келісімдерін орындау үшін жүргізіледі;  

ЖОО халықаралық талаптар бойынша аккредиттеуден өзінің елінде өтуі тиіс. Басқа жайдайда мемлекеттік үлгідегі дипломдарды шетелде құптамайтындықтан, біздің ЖОО-ң студенттері өздерінің оқуларын басқа елде жалғастыра алмайды, сол себепті Қазақстан азаматтарының шетелдік және халықаралық еңбек нарығындағы білім құқығын қорғау үшін;

Болон үдерісіне кіру үшін міндетті шарттарда Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелерін біріктіруде ЖОО-да аккредиттеу тәртібінің болуы үшін;

Ел сапаның қамтамасыз етуі бойынша салыстырылатын белгілер мен тәртіптерді әзірлеу және ақпараттар алмасу мақсатында білім сапасы бойынша халықаралық желілермен ынтамақтастық үшін халықаралық желілерге қатысады: жоғарғы білімде агенттіктердің халықаралық (International Networkfor Quality Assurance Agenciesin Higher Education - INQAAHE), агенттіктердің Европалық (European Networkfor Quality Assurancein Higher Education - ENQA), Орталық және Шығыс Европаның жоғарғы білімінде агенттіктердің (TheNetwork of Centraland Eastern European Quality Assurance Agenciesin Higher Education - CEE Network), салыстырылатын белгілер мен әдістемеліктерді дайындау мақсатында Еуразиялық желілеріне (ЕСОКО) білім сапасын қамтамасыз ету үшін;

Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білім беретін қызметтерді алуда қанағаттанушылық мүдделерінде және білімнің отандық жүйелерінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде білім сапасын жоғарылату үшін.

 

АККРЕДИТТЕУ КЕЗЕҢДЕРI

АККРЕДИТТІК АГЕНТТІКТЕР