РЕКТОРДЫҢ ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті – жарты ғасырлық шежірелі бай тарихымен, көпжылдық білім және ғылым саласындағы тәжірибесімен ерекшеленген Қазақстан Республикасының Оңтүстік аймақтағы ең ірі білім және ғылым орталығы. Бүгінде университетте 12000-ға жуық студенттер білім алуда. Бірақ, басты көрсеткішіміз студенттердің санында емес ТарМУ-дың оларға білім беру қызметін әлемдік деңгейде көрсетіліп жатқандығында. Қазіргі таңда ТарМУ-дың білім беру сапасы білім кеңістігіндегі әлемнің ең үздік тәжірибелеріне толық сәйкес келеді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті кредиттік оқыту технологиясын енгізіп, бүгінде осы технология бойынша көшбасшы болып отыр.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жоо мәртебесіне ие. 2018 жылы халықаралық институционалдық аккредиттеуден қайта өтті.«Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығы сертификатталған компаниялардың тізіліміне, сондай-ақ ISO 9001:2015 жаңа халықаралық талаптарына сәйкес IQNet сертификаттары халықаралық сертификаттау желісінде тіркелген. ТарМУ жыл сайын белгіленген стандарттарға  қызметтерінің сәйкестігін растайды.

Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО арасында тұңғыш жоғары оқу орындарының бірі болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. 2006 жылдан ТарМУ Хартия Коллегиясының толық мүшесі саналады.

Болон үдерісінің өлшемдерін жүзеге асыру үшін университет білім беруді интернационалдандырудың 2020 жылға дейінгі Стратегиясын жасады. Университет шетелдік ЖОО-мен өзара түсіністік туралы Меморандум жасаған, ол өз кезегінде, соңғы екі жылда бакалавриаттың 21 студентін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға және өндірістік іс-тәжірибеден өтіп келуге мүмкіндік берді. «Үйдегі интернационалдандыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, университет Европаның ең үздік 500 университетінің қатарына кіретін Корольдік технологиялық университеті, Лорейн университетінің, Франция, Швеция, Англия, Германия, Беларусь, Ресей Польшаның алдыңғы қатарлы университеттерінен 16 профессорды дәріс оқуға және бірлескен ғылыми жобалар жүргізуге шақырды.

Бүгінгі таңда жұмысқа орналастыру жоо-ның жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының сапасы мен тартымдылығының негізгі көрсеткіші болып табылады. 2018 жылы түлектер саны 1426, оның ішінде 1218 студент ақылы негізде, 208 студент мемлекеттік білім грантында оқыды. Жұмысқа орналастырылған студенттер саны – 1211, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 181 студент (87%).  Жұмыс берушілер анықтамаларының мәліметтері бойынша жұмыспен қамтудың нақтыланған көрсеткіштерін есептеу нәтижесінде университет түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы 84,9% - ды құрады.

Университеттегі мамандар дайындау сапасы халықаралық дәрежеде де дәлелденген. 2019 жылыМ.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ЖОО-ның халықаралық рейтингісі Academic Ranking. European Standart ARES-2019 бағалауы бойынша 95 қазақстандық ЖОО-ның ішінен 8-ші орынға жайғасып, «А» статусына ие болды.

Білім сапасын қамсыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің Қазақстан Республикасы үздік ЖОО-ның Ұлттық рейтингісі – 2019 нәтижесінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «көпсалалы жоғары оқу орындары» арасында 7-ші орынға иеленді.

Бүгінгі таңда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы. Университет құрамында 9 факультет, 48 кафедра, сонымен қатар Қаратау тау-кен технологиялық колледжі мен әскери кафедра қызмет атқарады. Университетте жалпы көлемі 73924,4 шаршы м. құрайтын 14 оқу-лабораториялық ғимарат және жаңа өлшеу құралдарымен жабдықталған 155 лаборатория бар. Студенттер 1 ҚР ҰҒА академигінен, 37 ғылым докторлары мен профессорлардан, 240 ғылым кандидаттарынан, 262 магистрлерден, 35  PhD докторларынан тәлім-тәрбие алады.Жыл сайын университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Республикалық конкурсында жеңімпаз атануда.

Біз, тәжірибе жүргізу мен студенттер алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 49 халықаралық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнаттық.

Біз, отандық және халықаралық өлшемдерге сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті, заман талабына сай жаңаша ойлайтын және отансүйгіштік бағытта тәрбиеленген мамандарды дайындап жатқандығымызды нық сеніммен айта аламыз.

Бүгінде ТарМУ-дың түлектері Қазақстан қоғамының элитасын құрастырады және Егеменді Қазақстанның Даму Стратегиясының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл ТарМУ-дың нәтижесі, мақтанышы!

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне қош келдіңіздер!

Құрметпен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры М.Н.САРЫБЕКОВ